Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Б | Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Өнер қырандары» театры ұжымымен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти Діни басқарма халыққа діни және ұлттық құндылықтарды насихаттап жатқанын атап өтті. Бұл бағытта игі іс-шараларға ұйытқы болып келе жатқан «Өнер қырандары» театр ұжымының жұмысы жайлы жылы пікірін білдіріп, алғысын жеткізді.

Наурызбай қажы Тағанұлы: «Халқымызды имандылыққа ұйытып, жамағатты игілікке бастап, асыл дінімізді насихаттау жолындағы қажырлы қызметтеріңіз бен елеулі еңбектеріңізге Алла мол сауаптан жазсын», – деп, театр ұжымына ақ батасын беріп, Діни басқарма шығарған кітаптарды сыйға тартты.

«Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев Бас мүфтиге алғысын айтып, театр жұмысы жайлы және алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Кездесу соңында тараптар руханият, мәдениет саласында бірлескен ізгі іс-шараларды жүзеге асыруға, алда келе жатқан қасиетті Мәуліт мерекесін жоғары деңгейде бірлесе ұйымдастыруға уағдаласты.

#muftyatkz