Get Mystery Box with random crypto!

#мотивация Жас түлек, ҰБТ деген мына қамшының сабындай қысқа | ⚜Мотивация к учёбе⚜

#мотивация
Жас түлек, ҰБТ деген мына қамшының сабындай қысқа ғұмырда өмірдің тоқтауына себеп болатын қасиетті сынақ емес. ҰБТ – жай ғана бір баспалдақ. Өтсеңіз, жақсы, өтпесеңіз, ешкім сізді өмірден сызып тастамайды. Жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді, мәселен, былтыр оның 92 077-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берді, оның ішінде тек 30-40 мыңы ғана грантты жеңіп алды. Сіздіңше, қалған оқушылардың бәрі өлді ме? Олардың өмірі тоқтап қала ма? Жоқ. Олар дәл қазіргідей екі аяқ, екі қолмен өмір сүре береді және грантқа түскендерден мың есе бақытты бола алады.  Сіз ел секілді 100-120 балл жинай алмасаңыз, кінәлі емессіз. Бұл – тағдыр. Қайырлысы солай болып тұр. Оның артында сөзсіз бір жақсылық бар. Ол жай ғана балл, сан ғой. Аяғыңыз немесе қолыңыз жоқ болса, көзіңіз көрмесе, құлағыңыз естімесе не істер едіңіз? Ата-анаңыз, бауырларыңыз жоқ болса қалай болмақ? Қажетті балыңызды жинай алмасаңыз да, сіз миллиондаған адамдардан әлдеқайда бақыттысыз. Осыны ұмытпаңызшы...
@guldiraikhannn