Get Mystery Box with random crypto!

Ата-анаң ұрсады ма? Әкең еркелетпейді ма? Анаң қалағаныңды алы | Motivation☄️

Ата-анаң ұрсады ма? Әкең еркелетпейді ма? Анаң қалағаныңды алып бермейді ма?Олар саған айфон алып бермеді ма?Олар саған соңғы брендтегі киімді алып бермеді ма?Олар сені күнде қыдыртып, қалаған жеріңе жібере алмады ма?А-а, айтшы?Тағы не істей алмады саған?
Олар сені жақсы көрмейді деп ойлайсың ба? Олар сенен құтылса жандары жайланады деп ойлайсың ба?

Қарашы,бауырым, қарашы!!
Қаншама бала ата-анасын бір ретте көрмеген,білмеген,сүймеген,құшақтамаған,еркелеткен сөзін естімеген Қасында дөңбекшіп ұйықтамаған,таңертең анасының ыстық шәйін ішпеген, әкесінің жылулығын көрмеген,бес алғанына қуанып,үйіне асыға алмаған) Түсінесің бе? Бұл балалар сен естіген ұрысты естуге зәруу

Тағдырдың тауқыметін туа сала көріп жүр және жалғыз!Жас бүлдіршіндер, кіп-кішкентай ғана, әлі қанаты қатпаған, әлі сүйегі қатаймаған,жан-тәні жылулыққа мұқтаж)
Ал, сен бұл мұқтаждықты сезініп жүрген жоқсың ғой? Неге шүкір етпейсің? Неге ата-анаңды разы қылуға асықпайсың?
Ойлан және есіңде сақта:
Алланың разылығы - ата-ананың разылығы!