Get Mystery Box with random crypto!

Сен басқаларға түсіндіруге міндетті емес 4 жағдай. 1.Өз арман | Motivation☄️

Сен басқаларға түсіндіруге міндетті емес 4 жағдай.

1.Өз армандарың.
Сен өз армандарыңды басқаларға түсіндіруге міндетті емессің! Басқалар үшін сенің армандарың орындалмастай биік, немесе жеңіл желпі көрінуі мүмкін, бірақ ешкім сенің армандарыңды бағалауға құқылы емес, ол сенің ең жақын адамың болсада. Үлкен, биік армандарды армандау ол өз идеяларыңды шындыққа айналдыру, өз сүйген жұмысыңмен айналысу, өзің қалағандай өміріңді өзгертіру дегені. Ең бастысы сен армандарыңа сен және әрекетіңді тоқтатпа.

2. Өз қабілетің.
Егер сен кітап немесе музыка жазғың келсе, техникалық зерттеулерге бейім болсаң, не болсада, сен өз қабілеттеріңе күмәнданба. Осы бір салада профессионал емеспін деп ұялудың, оны жасырудың немесе басқа адамдарға қабілетті екеніңді дәлелдеудің қажеті жоқ. Өзгелердің айтқанына қарамастан, өзіңе ұнайтын нәрсені жаса.

3. Сен қабылдаған шешімдер
Бұл сенің өмірің және оның барлық аспектілері сенің жеке шешімдеріңді талап етеді, өйткені сен олардың нәтижелеріне жауапкерсін. Өзгелердің сенің шешімдерің туралы ақылсыздық деп санайтынына «иә» деп айтудан қорықпа. Барлық адамдардың саған "олай жасама, бұлай жаса" деп сенен күтетін болжалдарына «жоқ» деп айтудан қорықпа. Әрине, ең бастысы сен өзің соны қаласаң. Қалай болған күнде де, шешімдерің қате болып шықса да, соңында нәтижелер үшін басқаларды айыптауға қарағанда, жауапкершілікті өзіңе алған жөн.

4.Сен ұстанатын қағидалар мен ұстанымдар.

Біреулерді сенің қағидаларың немесе өмірлік ұстанымдарың тітіркендіруі мүмкін, ал кейбіреулердің қағидалары сені тітіркендіруі мүмкін. Және бұл қалыпты жағдай. Жер бетінде миллиардтаған адам бар. Біз бәріміз басқашамыз, бір-бірімізге ұқсамайтын адамдармыз, бәріміз әр түрлі көзқарастармен өмір сүріп жатырмыз. Егер сенің қағидаларың сені бақытты етсе және өміріңе жақсылық алып келсе, онда сен бәрін дұрыс істеп отырсың. Өзгелер үшін оларды өзгертуге болмайды.

Басқаларды бақытты ету үшін, бірінші өзіңіз бақытты болуды үйрену керексіз!