Get Mystery Box with random crypto!

Мен бармын ғой... бармын мен, қара, маған, кімдер сенің жаныңд | Motivation☄️

Мен бармын ғой...
бармын мен, қара, маған,
кімдер сенің жаныңды жаралаған?
Мен болмасам, сағыныш, арманың бар,
Ақылың бар, ақылсыз бола ма адам?
Жалғыздық бар ішіңде - адалдығың,
ойсыз, мұңсыз, қайғысыз жаралды кім?!
Әкешің бар жүрегі - жаннан нәзік,
Анашың бар тілегі - амандығың.
Көркемдік бар дін-аман жүрісіңде,
Әділет пе "...өмірім кім үшін?" деу?!
Топырақ бар сен жайлы толғанатын,
Жапырақ бар күрсінген түн ішінде.
Жарығым-ай, ойы - пәк, жаны - дала,
Бұртимашы, болды енді бері қара.
Пешенесін періште қаумалаған,
Махаббат бар ойлайтын сені ғана...
Сен жалғыз емессің жарығым...

Бауыржан Қарағызұлы