Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті талапкерлер! Мемлекеттік грантқа өтініш беру 13 шілд | Motivation☄️

Құрметті талапкерлер!

Мемлекеттік грантқа өтініш беру 13 шілде мен 20 шілде аралығында өткізілетін болады.

Конкурс https://app.testcenter.kz/ сайты арқылы болады. Яғни бұрынғыдай egov порталы арқылы өткізілмейді. Конкурс нәтижесі 10 тамызда белгілі болады.

Конкурс барысында сіздердің 4 мамандық және 4 университет тандауға мүмкіндіктеріңіз болады. Яғни 1 мамандыққа 1 университет белгілейсіздер. Бірақ 4 мамандық барынша қайталанбауы қажет. Себебі грант тек мамандыққа беріледі. Егер бұл мамандыққа грантқа түспесеңіз, осы мамандықта оқытатын барлық университетке түсе алмайсыздар. Бірінші таңдауыңызға жазған университетке документ өткізесіздер.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында ерекше университетер бар екендігін хабарлай кетейік. Олар : МУИТ , КБТУ , АИТУ. Яғни бұл университеттерді тек 1ші жазу керексіздер. Және бұл университетті тандап отырған талапкерлер барлық документтерің 20 шілдеге дейін барлық документтерің университетке тапсыру қажет (оффлайн)

Басқа университеттер барлық документтерді 20 августке дейін қабылдайды (ақылыға/грантқа).

https://t.me/eduserkz
https://t.me/eduserkz
https://t.me/eduserkz

УНИВЕРСИТЕТКЕ керек құжаттардың тізімі:

1. Аттестат / диплом қосымшасымен (түпнұсқа)

2. ҰБТ сертификаты (эл.құжат. сайттан certificate.testcenter.kz)

3. Жеке куәліктің 2 көшірмесі (копиясы)

4. Фото 3х4, 6 дана (штук)

5. Бал. 075/У анықтамасы (20.08.2021 есепке алу күніне 6 айдан аспайтын мерзіммен флюорография суретімен)

6. ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРДІҢ картасы (063/У нысаны) - баланың денсаулық паспортында бар

7. Ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігінің көшірмесі (военкоматтан аласыз)

8. Квоталарды растайтын куәлік. Квоталар түрі:
- Бала кезінен мүгедек, мүгедек балалары, I, II топтағы мүгедек
балалары бар отбасының баласы;
- Жанұясында төрт немесе одан көп кәмелет жасына толмаған балалар
тәрбиеленіп жатқан отбасының баласы;
- Толық емес отбасы статусына үш жылдан кем емес ие болған
жанұяның баласы;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- ТжКБ құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша
кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;
- Жеңiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне
теңестiрiлген тұлғалар;
- I, II топқа жататын мүгедектер, бала кезінен мүгедек балалар.

https://t.me/motivationchange
https://t.me/motivationchange