Get Mystery Box with random crypto!

Жасөспірімге арналады: 15. 16. 17 жас. өкініштің, кінәнің бой | Motivation☄️

Жасөспірімге арналады: 15. 16. 17 жас.

өкініштің, кінәнің бойыңнан кетпеген кезі. өзіңді жеп қоярдай кінәлау, комплекс ұстау тағы отбасы. Шешім өлім емес біл соны. Сенің басыңнан өтіп жатқаны өмір емес біл соны. Әр қиындықтың артында жеңілдік бар. Кімнің дос, қайсы адам өміріңде қолдаушы екенін түсінер кез. Отбасыңнан ажырайтын ересек күйге өтетін кез. Тәуелсіздікті қалайтын кез. Сенің қолыңнан келеді өмір сүру. Жылап анаңның немесе әкеңнің құшағына кіре алмасаңда, жұбаныш таппасаң да біл соны сенде тек өзің бар. Өміріңді өзгертетін тек өзің ғана. Өзіңді сүй, құрметте, дамыт, мына жалған өмірде ешкімнен ештеңе күтпей өмір сүр.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап.