Get Mystery Box with random crypto!

Студенттік терминдер Универде сабаққа қатысты, жатақханалық | MOLDIR EDUCATION

Студенттік терминдер

Универде сабаққа қатысты, жатақханалық өмірге байланысты түрлі терминдер бар. Баста енді түскен түлек бұлар туралы әрине білмей, түсінбей жүреді. Сол себепті сіздерге ең маңыздыларын түсіндіре кетуді жөн көрдік.

Семестр
Мектептегі тоқсан сияқты. Бір оқу жылында екі семестр болады: күзгі семестр, көктемгі семестр.

Рубежка (рк, блок, рейтинг)
Мектептегі бжб, тжб дегендер сияқты. Әр семестрде 2 немесе 3 рубежка болады. Бір семестр қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларын қамтыса, әр 5 апта немесе әр 7 апта рубежка өтеді.

Сессия (емтихан)
Жалпы семестрді қорытындылайтын соңғы емтихандар. Рубежканың орташа балы, және соңғы емтиханның орташа балы қосылып, жалпы семестр балы шығады. Оны әр универ әртүрлі есептейді.

Куратор
Мектептегі сынып жетекші тәрізді. Группаңыздың жетекшісі.

Кафедра
Белгілі бір пәндер мен мамандықтар жүйесі бойынша студенттерге басшылық ететін орын. Әр мамандықтың кафедрасы әртүрлі. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы: оған қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы, қазақ филологиясы мамандығы кіреді)

Факультет
Жалпы сабақтас барлық мамандықтар бойынша студенттерге және кафедраларға басшылық ететін орын. Ол тек бір мамандықты ғана қамтымайды. Мысалы, филология факультеті: оған қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы (қаз т мен әдебиеті, қазақ фил), орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы (орыс т мен әдебиеті, орыс тілі фил), ағылшын тілі кафедрасы және т.б.

Ректор
Мектеп директоры сияқты адам. Тек универдің директорын ректор дейді. Кейбір универлерде президент деп атайды (мысалы, Қожа Ахмет Ясауи ат. ХҚТУда)

Бұл ең негізгі термин сөздердің бірі. Егер біреуден естіген, бірақ білмей жүргендеріңіз болса, жаза кетіңіз. Келесі постта ашып түсіндіретін боламыз.

https://t.me/pervashkz