Get Mystery Box with random crypto!

Біреу жеткісі келеді тұрақтылыққа, Ал біреу білім я даналыққа, | Mo'ldir sezm

Біреу жеткісі келеді тұрақтылыққа,
Ал біреу білім я даналыққа,
Басқасы талпынады кіршіксіз махаббатқа,
Қалғаны — үй, тамақ пен жылы панаға.

Пендеміз армандайтын түрлі затты,
Болса дейміз өміріміз салтанатты,
Қиналамыз шыға қалса сәл қайшылық,
Қынжыламыз болмай қалса ми мақсаты.

Таңғаламыз өзгелердің жоспарына,
[Thus,] Енгіземіз өзгерістер 'мендік өмір' айдарына,
Көп қарайлап басқалардың тағдырына,
Қайталаймыз тіпті сол кісінің қылығын да.

Бірақ біз ұмытамыз мықты зат бұл ғаламда —
Ұғынған 'қайырлысы' екенін шындығында;
Бұл өмірде әр жанның өз нығметі өз алдына
Сондықтан, білесің бе, ұқсамайды сенікі басқасына.

Және 'Бәрі жақсы болады' деп өзіңді алдама,
Ойланып қарасаң, 'Бәрі жақсы' ғой анығында?
Мұғалім айтқандай: 'Өзгеге емес, өзіңнің алдыңа қара',
Әлі де түсінбеген осы сөзді біз ғана ма?

P.s. 'Бәрі жақсы болады' деп керемет жан айтқан жаңа ғана
Ойландырып тастады, берді сана.