Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті студент! Сіз оқу орнының ішкі ережесіне сәйкес колле | Мейірбике колледжі

Құрметті студент!
Сіз оқу орнының ішкі ережесіне сәйкес колледжіміздің киім үлгісін білесіз.
Соған сәйкес оқу орнына келгенде медициналық формамен қатар, өз киім үлгіңіз де жинақы болуы керек. (Шорты,трико, майка, қыска юбка және т.б киіп баратын жерлер жетерлік)
Сіз медициналық оқу орнына білім алып жатырсыз, гигеналық талаптарды ең бірінші орында қатаң сақтаңыз.
Сіз қоғамдық ортада жүрсіз, темекі, ішімдік т.б пайдаланбаңыз.
Және оқу орнында жүру мәдениетін сақтаңыз, мәдениетті сөйлеңіз.
Олардың білімге қатысты маңызын салыстырмаңыз. Себебі сіз оқу ордасында ғана емес, тәрбие мен мәдениеттің ошағында жүрсіз. Сайып келгенде тәлім мен тәрбиенің шынайы көрінісі адамның сырт бейнесінде екенін естен шығармаңыз. Басқаларға табысты оқу процесі мен өзін және өзгені құрметтеуге, тәрбиелеуге ықпал етіңіз.