Get Mystery Box with random crypto!

Көмірсулар яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққан табиғи орга | .

Көмірсулар яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққан табиғи органикалық қосылыстар.

Көмірсулар химиялық құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді:
мономерлік көмірсулар яғни моносахаридтер
полимерлік көмірсулар яғни полисахаридтер.

Моносахаридтерге глюкоза мен фруктоза жатады, бұл екі қосылыстың формуласы бірдей, яғни бір-біріне изомер бола алады.

Дисахаридтер бірнеше моносахаридтердің молекулаларынан тұратын күрделі қосылыстар. Өкілдеріне сахароза жатады.

Полисахаридтер бұл жоғары молекулалы қосылысқа жатады. Ішінде кең тарағандары:
өсімдіктерде - крахмал мен целлюлоза,
жануарларда - гликоген.

Глюкоза - миға басты энергия жеткізуші. Ол тұқымдар мен жидектердің құрамында көп кездеседі, ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді, бауырда гликогеннің түзілуіне қажет.

Фруктоза - өзінің сіңуіне инсулин гормонын қажет етпейді, сондықтан оны қант диабеті кезінде шектеулі мөлшерде қолдануға мүмкіндік береді.

Лактоза - сүт өнімдерінде кездеседі, бұл ферменттің туа біткен немесе жүре пайда болған жетіспеушілігінде ішектегі лактозаның ыдырауы бұзылады. Соның салдарынан адамда сүт өнімдеріне деген кері әсер пайда болады.

Крахмал - адам тамақтануындағы барлық көмірсулардың % құрайды. Ол ұн, картоп, макарон және нан өнімдерінде кездеседі.

Көмірсулар - тірі организмдердегі энергия қоры. Олар тағамның басты бөлігі, зат алмасуға қатысады. Көмірсулар тұрмыста, медицинада, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

#химия

https://t.me/MegaBilim