Get Mystery Box with random crypto!

Медиада ЛГБТК-ның көрсетілуі - пропаганда ма? Әйелдердің көше | about media in kazakh

Медиада ЛГБТК-ның көрсетілуі - пропаганда ма?

Әйелдердің көшеде хиджап тағып жүруі, мешіттерде азан шақырылуы, айт мейрамын тойлау - ислам дінінің пропагандасы. Мойнына таққан кресін жан-жағына көрсетіп жүру, ары-бері өткен жолаушының назарын аударатын қала орталығындағы сәулетті шіркеу, президенттің Пасха мейрамымен құттықтауы - православиенің пропагандасы. Біз зайырлы мемлекет емеспіз бе, олай болса неге дін пропагандасы бұлай ашық жасалады? Ой-санасы әлі бекімеген балаларымызға мұндай үгіт-насихат теріс әсер етпей ме? Олай болса мемлекет неге бұндай пропагандаға тыйым салмайды? Неге балаларымызды үгіт-насихаттан қорғамайды?

Жоғарыдағы ой-пікірлер еш қисынсыз, солай емес пе? Ендеше, ЛГБТК+ өкілдерінің медиада, мәдениетте, күнделікті өмірде көрінуін пропаганда деп білетін адамдардың да ой-пікірі сондай қисынсыз. Олардың логикасына салсақ, медиамыз гетеросексуалдықтың, діннің, т.б. түрлі нәрсенің насихатына толы.

"Біз бармыз, біз осы қоғамның мүшесіміз, осы елдің азаматымыз. Бізді кемсітпеңдер, шеттепеңдер. Ұрмаңдар, соқпаңдар, өлтірмеңдер. Өз өмірімізді өзіміз сүруге мүмкіндік беріңдер" деп айту ешқандай пропаганда емес. Бұл - ұзақ уақыт бойы көрсетілмей келген топтың өзін-өзі көрсетуі, үнін жеткізуі, құқығын қорғауы.