Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ болып туғаныма қатты қуанамын, мақтанатын зат болмаса да | майская

Қазақ болып туғаныма қатты қуанамын, мақтанатын зат болмаса да, қазақ екеніммен мақтанамын. Әсіресе, Маңғыстаудың қазағы болған бөлек әңгіме ғой.

Мен үшін ешбір ұлт қазақтың даналығынан, қонақжайлылығынан, мейірімділігінен асып түсе алмайды. Отансүйгіштік пе, ұлтшылдық па білмеймін. Қалай атасаңдар да, қазаққа жететін халық жоқ мен үшін.

Елімнің басқа өңіріне келгелі, халқымыздың тең жартысы мәңгүрт екеніне көзім жетті ғой. Қазір мен үшін ұят жағдай, егер екі қазақ отырып алып әлемнің бүкіл тілінде сөйлесіп, өз ана тілдерінде бір дұрыс сөйлем құрай алмаса. Салт-дәстүр былай тұрсын, туған тілінде сөйлей алмайтын халықтың қандай болашағы болуы мүмкін?

Бұрында әкем маған былай айтқан болатын: "Қызым, мен қазақ емес, мысалы, француз болып тусам, қатты өкінетін едім. Өмір бойы кітап оқып, бірнеше диплом алсам да, қазақтың баласы болып алған бүкіл тәрбиемнің тіпті бір уысын да үйрене алмай кететін едім". Осы сөздің түпкір мағынасын түсіну жақында ғана бұйырған екен маған. Бұйырса, бұл даналықты өзімнің балаларыма жеткіземін