Get Mystery Box with random crypto!

УƏДЕ БЕРШІ... Уәде берші кешірмеуге, Алдануға мұрсат бер. | ❤️Махаббат Жырлары ❤️

УƏДЕ БЕРШІ...

Уәде берші кешірмеуге,
Алдануға мұрсат бер.
Рұқсат берші өшірмеуге…
Сондай тәтті сол сәттер…

Жыламауға уәде берші,
Күлмеуге де уәде бер.
Жүрегімде әне көрші,
Жылап жатыр сәулелер…

Үндемеуге уәде берші,
Үнсіздікте мұн жүрсін.
Түн демеуге уәде берші,
Жүрегіңде күн күлсін!

Уәде деген – Тәңір сөзі,
Біздің сезім Тәңірден!
Айырады өмір өзі,
Өлім әлсіз өмірден…

Қос тамшыны көзден көрші,
Кірпік жолын бөгейді.
Ұмытпауға сөзің берші,
Ұмыт болғым келмейді.

-Ақберен ЕЛГЕЗЕК

Админка @Periwtte.

✿°•┈┈┈• ❀ •┈┈┈•°✿
@maxabbat_olenderii
✿°•┈┈┈• ❀ •┈┈┈•°✿