Get Mystery Box with random crypto!

Жұманың түсін бауыр қасиетін Сәжде етіп Жаратқанға бас иетін | ❤️Махаббат Жырлары ❤️

Жұманың түсін бауыр қасиетін
Сәжде етіп Жаратқанға бас иетін
Ерте барып алдынан орын алып
Пайғамбардың естиік өсиетін

Жұмаға жүр әке жан ғұсыл алда
Қол-аяқтың қимылдар күші барда
Таудай-таудай күнәңіз кешіріліп
Мейіріміне бөлейді құшып Алла

Киші аға жан әдемі киіміңді
Үйренейік жұмадан иілуді
Аллаһ заңы біздерге бұйырулы
Естіп қалшы күнәдан тыйылуды

Жүрші құрдас жұмаға барайықшы
Адал жолмен ырыздық табайықшы
Тегін берген Алланың сауабынан
Дорбаламай дағарлап алайықшы

Әтір сеуіп жағаңа жүрші балам
Қяметте қинауға кім шыдаған
Ғұсыл, дәрет, намаз жоқ ұят екен
Тілегіңді Алладан құр сұраған

Жұмаға жүр жалпыңыз еркектерім
Желемікке боран деп желіп етпегін
Алла сөзін естіп қайт, ғибрат ал
Ібілстің үйренбей ертектерін

Айыруға күнәдан басыңды аман
Тұрсын десең адамдық асыл бағаң
Дәл осы күн мешітте болайықшы
Дәл осы күн болады ақыр заман

Жеткізбейтін, қуса арман, қуса бақтар
Ақылыңа сенбеші құр сараптар
Тілек қабыл болатын, күнә жуып
Жұма күні ерекше бір сағат бар

Жұмаға жүр...


•┈•┈•┈•┈•❁✿❁•┈•┈•┈•┈•
@maxabbat_olenderii
•┈•┈•┈•┈•❁✿❁•┈•┈•┈•┈•