Get Mystery Box with random crypto!

Дэдпул, ой Райан Рейнольдс тек кино жұлдызы ғана емес, сонымен | Маркетинг в Казахстане

Дэдпул, ой Райан Рейнольдс тек кино жұлдызы ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіпкер.

2020 жылы Diageo алыбы Aviator Gin алкоголь брендін 610 миллион долларға сатып алды, актер компанияның ортақ иесі болған.

Aviator Gin, компания және джин маркасы 2006 жылы құрылды және 2012 жылға Wine Enhusiast журналынан 97 балл баға алған. Бұл профильдік журнал мен нарық сарапшыларының джинге берген ең жоғары бағасы болып қала береді.

Жақында T-Mobile бюджеттік байланыс провайдері Mint Mobile-ді сатып алатыны белгілі болды. Мәміле 1,39 миллиард долларға бағаланады, ал актер сатылатын компанияның 25% иесі.

T-Mobile үшін Mint Mobile сатып алу – АҚШ нарығында Илон Масктың Starlink-ке қарсы тұру мүмкіндігі (мұнда қандай шайқас жатыр!).

Райан Рэйнольдс оған қоса Maximum Effort маркетинг агенттігінің негізін қалаушы және иесі. Ол Райан Рейнольдстың фильмдері мен жобаларын тарату үшін құрылған.

Жоғарыда аталған екі мәміле – агенттік командасының жұмыс нәтижесі.

Бұл #маркетологтар жаңа айдарындағы тағы бір пост және сізге Райанға назар аударуды ұсынамын - менің ойымша, ол АҚШ нарығындағы алға татар инфлюенсер мен маркетологтардың бірі.