Get Mystery Box with random crypto!

Әбу Дарда, Алла оған разы болсын, былай деген: Пайғамбарым | النُّورُ Ан-Нұр

Әбу Дарда, Алла оған разы болсын, былай деген:

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім білім іздену жолына түссе, Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім іздеушіге разы болғанын білдіріп, қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы, әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді. Ал, ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығына келер болсақ, оның артықшылығы – аспандағы толық айдың басқа жұлдыздардан артықшылығы секілді. Шынында,  ғалымдар пайғамбарлардың мұрагерлері, ал пайғамбарлар болса, өздерінен кейін динар да, дирхам да қалдырмаған, олар тек білімді мұра етті. Кімде-кім бұл білімді алса, онда ұлы сыбағаға қол жеткізді», – деп айтқан.

(Тирмизи).

https://t.me/ihsan_oqu_ortaligy