Get Mystery Box with random crypto!

Ақша, пахать ету & женственность Мен байдың қызы емеспін. Қар | Marjommi LIVE

Ақша, пахать ету & женственность

Мен байдың қызы емеспін. Қарапайым отбасыданмын. Кішкентайымда мен биге автобуспен баруым үшін мамам қыстың күні жұмысына жаяу баратын. Папамның жұмысында развозкасы болатын.

Папам ақшаға қатты адам. Артық нәрсеге шашқанды ұнатпайды. Кино, попкорн, қыдыру деген арман еді) тек 5-6 сыныпта мамам ақша алып беріп, демалыстарда кино, кафеге баратынмын сыныптастарыммен. Ол кездер мен үшін люкс кезең))

Бірақ, шүкір, ондай қиын өтпелі кезеңдер сирек болатын. Көбінде қатты үлкенге ақша жете бермейді, бірақ қара нан мен қара су ғана ішіп отырмадық. Қыдырып та, торт та, тәтті де көрдім.

Кейін өзім ақша тауып бастадым. 5-сыныпта алғашқы 50 тг, 300 тг деп, 9-10 сыныпта ағылшыннан сабақ беріп сағатына 2000 тг алатынмын. 10-сыныпта открытка Марджомми уорлд сатып, 1 кішкентай открыткадан 300 тг көретінмін. Мерекелерде саудам жүреді де, 10-15 000 тг көретінмін.

Студент кезде открытка бизнесі подарок кәсібіне, одан сабақ бердім 1 сағатым 4000 тг болып, инстаграм арқылы марафондар жасап алғашқы 32 000 тг тапқанмын.

Қысқаша айтқанда еңбекпен жайлап көтерілдім. Аллаһтың арқасы. Мен жай дұғасын тастамай, әрекетін жасайтын құлмын.

Топ етіп байлыққа түспедім, кедейліктің көрін де көрмедім, былайша айтқанда құдай төменді де, орташаны да, үст жақты да көрсетті.

Содан соң менде “пахать” деген деңгей кетті. Ақша табамын, бай боламын, армандарымды орындаймын деп миллионға дейін шаптым. Көрдім, сезіндім, шаршаған, кайфовать еткен кездерім болды.

Бәәәріне шүкір. Ал қазіргі деңгейіме келсем, мүүүлдем басқаша…

(Жалғасын ертең жазам)