Get Mystery Box with random crypto!

Менде құйтырқы пиғыл жоқ. Қанша жерден адамның пасық мінезі ме | Marjommi LIVE

Менде құйтырқы пиғыл жоқ. Қанша жерден адамның пасық мінезі мен әрекеттерін көрсем де, жиіркенсем де, пейілім таза. Басқа тараптағы жақсылығын ұмытпаймын. Бірақ әлгі адамнан дистанция ұстаймын.

Солай бола тұра, әдейі, лас ойлар, әрекеттер жасамаймын. Шүкір деймін.

Біодеңе айтсам да, біреуге тиіп кетсін, әдейі естісін деп айтпаймын. Мүмкін кейде пенделікке салынып әдейі жасайтын шығармын, бірақ көбінде ойланбай айта салам.

“Әдейі айттың ба?” Дегенде ғана “Жоооқ негізі ойымда просто тұрды, екеуін байланыстырмап едім” деп ойланып қаламын.

Аллаһым, осы таза көңілімді кірлетпеші.

Мүмкін содан да болар, алдымнан жайлы адамдпр жолығады. Көз тимесін. Тіпті жолықса да, өмір ғой, ақ-қарасымен қатар жүреді деп қабылдаймын.