2021-02-17 08:51:10
Пост на русском внизу
Кеше Бішкек қаласында аса ұаныққан күнім өтті. Таңғы 8:00-де Алматыдан шығып, 12:30-да Бішкекте болдым.
Бірден қонақүйге орналасып, түстеніп алдым, содан соң, Парламент спикері Талант Мамытовпен кездесуге Ақ үйге бардым. Кездесу ресми деңгейде, нәтижелі, әрі достық сарында өтті. Ол Парламент жұмысы, жоспарлары туралы айтып берді. Мен біздің қызметіміз, мүмкіндіктеріміз бен ынтымақтастық жолдары туралы айттым.
Одан шығып, Жогорку Кенеш депутаттарымен кездесуге бардым. Депутаттар мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерінен 20-30 шақты адам жиналыпты. Мен оларға заңнамалық үдерістің тиімділігі бойынша тренинг өткіздім. Онда заң шығару қызметінің жаңа тәсілдемесі және жаңа концепциясы туралы баяндадым. Депутаттар қайта-қайта сұрақ қойып, мені ұзақ ұстады. Бәрі қызықты, әрі нәтижелі өтті.
Депутаттардан соң бірден ТV 1 телеканалына "Вечер трудного дня" бағдарламасына қатысуға бардым - ол жерде мені тағы бір жарым сағат сұрақтың астына алды. Көрермендер көптеген өте қызықты сұрақтар қойды. Шамам келгенше жауап бердім.
Түнгі сағат онда қонақүйге оралдым. Алда тағы екі күн күшті кездесу болайын деп тұр.
•
Вчера был очень насыщенный день в Бишкеке. В 8-00 утра выехал с Алматы, в 12-30 приехал в Бишкек.
Сразу разместился в отеле, пообедал и поехал в Белый дом, на встречу со Спикером Парламента Талантом Мамытовым. Встреча прошла на официальном уровне, продуктивно и в дружественной атмосфере. Он рассказал о работе Парламента, о планах. Я рассказал о нашей деятельности, о наших возможностях и вариантах сотрудничества.
Сразу после встречи, пошел на встречу с депутатами Жогорку Кенеша. Собралось человек 20-30 депутатов и представителей других гос.органов. Я провел с ними тренинг по эффективности законодательного процесса, рассказал о новом подходе и новой концепции законотворческой деятельности. Своими вопросами, депутаты долго меня не отпускали. Было интересно и продуктивно.
После депутатов, сразу же проехал на телеканал ТV 1 на передачу "Вечер трудного дня", где меня пытали вопросами ещё часа полтора. Было очень много интересных вопросов от телезрителей. Постарался ответить на сколько мог.
В десятом часу вечера вернулся в отель. Впереди ещё два дня напряжённых встреч.
10.6K views05:51