Get Mystery Box with random crypto!

Маңғыстауда желкенді су спортын дамыту мәселелері талқыланды | Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области

Маңғыстауда желкенді су спортын дамыту мәселелері талқыланды

10 шілде, жексенбі күні Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен желкенді спорт түрін дамыту мәселелеріне арналған көшпелі жиын өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, жауапты басқарма басшылары, экологтар мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Басқосуда Яхт клуб аумағында халық демалатын орындарды абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту, балалар мен жасөспірімдерге арналған желкенді спорт түрін дамыту мәселелері қаралды.

Айта кетсек, Ақтауда желкенді спорт түрі БЖСМ 1991 жылы құрылған. Бүгінде оның өз яхт клубы бар. Аумағында әкімшілік ғимарат, желкенді кемелерді сақтауға арналған эллинг, қосалқы үй-жайлар, желкенді кемелердің тұрағына арналған орын және кемелердің суға шығуына арналған понтондар орналасқан.

Көшпелі кеңесте "Су спорты және вейкбординг федерациясы" ҚБ өкілі Марат Сюников қалада аталған спортты даму мақсатында әзірлеген жобасын таныстырды. Жоба бойынша демалушылардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалып, бейнебақыла,автотұрақ, су спортынан түрлі жарыстар өткізуге орналған алаңдар салынады.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бірінші кезекте қоршаған ортаны қорғау, экология қауіпсіздігі мен азаматтардың жайлы қозғалуына жағдай жасау керектігін атап өтті.

- Спортты дамыту өте маңызды, бірақ бұл қоршаған ортаға, соның ішінде экологияға кері әсерін тигізбеу керек. Оған қоса тұрғындардың қауіпсіздігі мен демалушылардың жайлылығына ерекше назар аудару қажет. Сондықтан бұл мәселеге жан- жақты, мұқият қарап шығу керек,- деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Жиын соңында өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.