Get Mystery Box with random crypto!

Бір оқиға айтайын: 2015 жылы көлік жуушы болып жүрген кезде 3 | Манарбек Мергенгалиев

Бір оқиға айтайын:

2015 жылы көлік жуушы болып жүрген кезде 31 желтоқсаннан кейін 1 қаңтар күні өте көптеген адамдар көлік жуғызуға келеді. Ал, көліктердің ішін қарасам: перегар, алькоголдік ішімдіктің бөтелкелері, түрлі болмайтын заттар… Бір сөзбен айтсақ, малдың қорасынан да өте лас болып келеді. Сонда біз жаңа жылды өзімізді осыншама төмен түсіру үшін тойлаймыз ба? - деген ой келеді!

Тағы да бір оқиға: даяшылық қызметте жүрген кезде корпоративтер болады. Корпоративке адамдар адам болып келеді да, содан кейін 3-4 сағатта ішімдіктің кесірінен адам танымастай өзгеріп, 2 аяқтарына тұра алмай, шаққа деп кетеді. Жаңа жылды өзімізді төмен деңгейге түсіру үшін тойлаймыз ба? сонда?

Өте көп ысырап жасалатын: ол тамақ. Жаңа жылдық корпоративтен кейін қаншама тамақтар ысырап болып, жуындыға кетеді. Яғни, тапқан табысымызды өзіміз барып, далаға шашқанмен бірдей ғо!

Нәтижені, жетістікті, өмірімізді жақсы жаққа өзгерту үшін - жаңа жылды күтудің қажеті жоқ. Тек, күнделікті шешім қабылдап, арман-мақсатыңызды орындау үшін әрекет етсеңіз болғаны. Жаңа жыл күнделікті өмірміз сияқты, жай ғана өтетін күн. Осыны есіңізде ұстаңыз!

Менің түйген ойым осы. Ал, сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман? Ойыңызды комментарийге жазыңыз

Комментарий жазу

#жаңажыл #жаңажыл2022 #құтберекежылы #интернетмаркетинг #миллионермагнат #тиктоктаргет #тиктоктаргетинг