Get Mystery Box with random crypto!

Осы байтақ жерді ұрпағыма қайтсем тұтас қалдырамын деп жар құ | Манарбек Мергенгалиев

Осы байтақ жерді ұрпағыма қайтсем тұтас қалдырамын деп жар құлағы жастыққа тимей, ер тоқымын жастанып жүріп, бел шешпей ат үстінде жүрген бабамның қанымен келген ТӘУЕЛСІЗДІГІМ!!!

Сүйегі әр төбенің басында қаларын білсе де біз үшін соңғы демі таусылғанша соғысқан бабамның жанымен келген ТӘУЕЛСІЗДІГІМ!!!

Халық жауы болып атылып кеткен Алаш ұлдарының санымен келген ТӘУЕЛСІЗДІГІМ!!!.

Қыршыннан қиылған боздақтардың желтоқсанда атқан соңғы таңымен келген Тәуелсіздігім!!!

Қош келдің!!! Мен сенің ары қарай қазақтың басында мәңгі қалуың үшін не істей аламын? Қайтсем септігім тиер? Тигізер пайдам бар шығар Жаратқаным, сол жолды түзу таңдауға көмек берші .

Менің тәуелсіздігім үшін бабам жанын берген, мен не бере алам? Жауабын күтем..............өзіңнен, өзімнен!

#тәуелсізелім #тәуелсіздікке30жыл #меніңҚазақстаным #меніңелім #көкбайрағым #тиктоктаргетинг #тиктоктаргет #тәуелсіздіккүніқұттыболсын