Get Mystery Box with random crypto!

СЕН ӨЗІҢЕ КӨМЕКТЕССЕҢ, АЛЛА ТАҒАЛА САҒАН КӨМЕКТЕСЕДІ БҰЛ ШЫН | Манарбек Мергенгалиев

СЕН ӨЗІҢЕ КӨМЕКТЕССЕҢ, АЛЛА ТАҒАЛА САҒАН КӨМЕКТЕСЕДІ

БҰЛ ШЫНДЫҚ

Бүгін болған бір қызық оқиғаны айтып берейін. Оқиға өзіңе көмектескеннің қаншалықты пайдалы екенінің дәлелі.

Бүгін мен аса қатты танымайтын, ешқашан көрмеген, тек WhatsApp-пен 1-2 рет сөйлескен, өзінің бизнесін дамытып жүрген бір жігіт жазады.

“Манарбек бізде видео студия бар, соңғы кездері бос тұр ТЕГІН қолдансаң болады. Даже монтажды да жасап береміз дейді. Егер ондай студияны жалдайтын болсаң 1 сағатқа 40 000 тг - 50 000 тг кетеді, ал саған ТЕГІН жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынамын” - дейді.

Бірінші Алла Тағаланың қолдауымен, екінші өзімді дамытып, жұмыс жасауға деген ынтамды байқаса керек…

Мен аса қатты танымайтын адам маған көмек қолын созуда. Керемет емес пе иа?

Сондықтан да сізді бағалап, құрметтесін десеңіз - өзіңізді әрқашанда дамытып, шын ниетпен адамзатқа көмектесеңіз

Шынайы ниетпен жасалған еңбек - әрқашанда өз жемісін береді!

Видео студияны ТЕГІН қолдануға мүмкіндік ұсынған жігіттің аудиосын фотоны сол жаққа жылжытып тыңдай аласыз

Үздіксіз жасалған пайдалы әрекет, міндетті түрде керемет нәтижеге жеткізеді!

#үздіксіздаму #жетістіккежету #бонуссабақ #видеостудия #маркетингсабақтары #тиктоктаргет #тиктоктаргетинг #тиктоктаргеткурс