Get Mystery Box with random crypto!

БҰЛАЙ БОЛАДЫ ДЕП КІМ ОЙЛАҒАН Талғат Жорабаев (@zhorabaev) мы | Манарбек Мергенгалиев

БҰЛАЙ БОЛАДЫ ДЕП КІМ ОЙЛАҒАН

Талғат Жорабаев (@zhorabaev) мырзамен бірге тренинг өткізіп, бизнес жасаймын деген жоспар менде мүлдем болмаған

Бірақ, Алла Тағаланың қалауымен, еңбек пен білімнің көмегімен, ештеңеден қорықпай бір Аллаға сеніп әрекет еткеннен, өмірімде кереметтей өзгерістер мен жақсы жаңалықтар көп болуда

3-ақ жылда Интернет Маркетинг, Инстаграм, заманауи бизнес құралдарын жақсылап меңгеріп, бизнесті онлайн форматта жасауды үйреніп, бір жерде отырып емес, бүкіл Қазақстанды аралап бизнес жасайтындай дәрежеге жеттім

Бұл бір жағынан мақтанғандық болуы мүмкін, бірақ менің мақсатым - адам жасағанды, адам жасай алатынын оқырмандарыма жеткізу, түсіндіру!

Мен де жетістікке жеткен қазақ, орыс кәсіпкерлерін бақылап өсудемін. Олар бірнеше жыл бұрын қандай болды, ал қазір қандай дәрежеге жетті бақылаудамын

Ештеңе ойлап таппай, оларды қысқа аралықта жетістікке жеткізген әрекетті жасап, бірге бір қайталаудамын. Соның арқасында өсіп, дамудамын

Инстаграм, Ютуб, ВК әлеуметтік желілері - Тік Ток форматын көшіріп жасағандай, менде басқа да жетістікке жеткен адамдардікін көшіріп жасаудамын. Ешқандай нәрсе ойлап тауып жүрген жоқпын

Құрметті оқырман: Инстаграм арқылы табыс тауып, көптеген адамдарға танымал болып, жетістікке жеткіңіз келсе - жай ғана сол жолды жүріп өткен адамдардың әрекетін қайталаңыз. Жаңа нәрсе ойлап табамын деп, өз өзіңізді қинамаңыз

Егер айтар ойыңыз болса немесе менімен келіссеңіз комментарийге жазыңыз

#талғатжорабаев #жетістіккежету #тиктоккурс #тиктоктыжүргізу #тиктоктаргетинг #табыстабу #онлайнтабыстабу