Get Mystery Box with random crypto!

2014 жылғы АРМАНЫМ КЕШЕ ОРЫНДАЛДЫ Алматы қаласындағы RIXOS қ | Манарбек Мергенгалиев

2014 жылғы АРМАНЫМ КЕШЕ ОРЫНДАЛДЫ

Алматы қаласындағы RIXOS қонақ үйіне барып, фото және видео контент жасаймын деген мақсатым бар болатын. Бірақ, ол кезде қалтамда ақшам жоқ, 2 банкте 1 000 000 тг (миллион) кредитім бар, просрочка болып, пениясы өсіп жатты. Құжат бойынша жұмысқа тұра алмаймын, себебі барлық ақшамды банктер алып қоятын

Сондықтан амал жоқтан айлықты қолма қол беретін жұмыс іздеп, көлік жуушылық жұмысқа тұрдым. Таңғы 8:00-ден кешкі 9-ға дейін 30 градус аязда жұмыс жасадым. Бірақ, кітап оқып, білім алуды, өз өзімді дамытуды ешқашан тоқтатпадым.

Біздің арманымыз бен мақсатымыздың орындалуына көмектесетін - ол Аллаға деген сенім, күнделікті тұрақты еңбек пен үздіксіз даму.

Осындай әрекеттің жемісі - менің арманымның орындалуына көмектесті. RIXOS қонақ үйінің төрінен орын алып, фото және видео контент жасадым. 2014 жылы қиял болып көрінетін мақсатыма жеттім.

Сіз де өзіңіздің қалаған мақсатыңызға жетесіз: егер де Аллаға деген сенім, үздіксіз даму мен тұрақты еңбек етсеңіз.

Армандар орындалады,
Мақсатың айқын болса! - осыны есіңізде ұстаңыз

Сіздің арманыңыз бен мақсатыңыз қандай? Комментарийге жазыңыз

#армандарорындалады #жетістіккежету #миллионерболу #rixos #риксос #дубай #МиллиардерМанарбек