Get Mystery Box with random crypto!

ҮЙЛЕНГЕНІМДІ, БАЛАМ БАР ЕКЕНІН КӨП ОҚЫРМАНЫМ БІЛМЕЙДІ ЕКЕН | Манарбек Мергенгалиев

ҮЙЛЕНГЕНІМДІ, БАЛАМ БАР ЕКЕНІН КӨП ОҚЫРМАНЫМ БІЛМЕЙДІ ЕКЕН

@business_milady екеуміздің үйленгеніміз де қызық болды 2020 жылы наурыздың 1-нен мамырдың 20-на дейін 3 ай Алматы қаласында карантинде болдық!

Алматыдан кейін 3 ай Ақтөбе қаласында болып, 2020 жылдың 8 тамызында үйлендік. Үйленген соң 12 күннен кейін Алматы қаласына жұмыс бабымен кетіп қалдық

2021 жыл наурыздың 16-сында Ақтөбе қаласына қайтадан барып, алғашқы баламыздың өмірген келуін күттік. Барлығы жақсы болып 15 маусым күні ұлымыз дүниеге келді. Геленваген көлігімен как положено шығарып алдық

Балам дүниеге келген соң 14 күннен кейін, қырқынан шықпай жатып, Бизнес Класс самолетпен Алматы қаласына жұмыс бабымен ұшып келдік

Алматыда қайда тұрамыз, квартира табыла ма? Қиын болып кетпей ме? - деген ойларды жеңіп, шешім қабылдап, тәуекелге бардық

Сол тәуекелдің арқасында ешқандай таныс, туыссыз Алматыда өзімізді-өзіміз дамытудамыз

Бірінші Алла, одан кейін еңбек пен тәуекелдің арқасында, біршама өмірлік сабақтар алып, бизнес жасаудан тәжірибелер жинаудамыз

@m_nurtaza ұлыммен түскен алғашқы фото соның дәлелі болмақ Енді тек өзіме емес, отбасым үшін де жауапты екенімді сезініп, әрекеттенудемін

Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін

#отбасы #байлық #жауапкершілік #бизнесжасау #даму #жетістік #тәуекел #армандарорындалады