Get Mystery Box with random crypto!

БАРЛЫҒЫ БІРДЕН БОЛМАЙДЫ МИЛЛИОНДАР БІРДЕН КЕЛМЕЙДІ 2019 жы | Манарбек Мергенгалиев

БАРЛЫҒЫ БІРДЕН БОЛМАЙДЫ

МИЛЛИОНДАР БІРДЕН КЕЛМЕЙДІ

2019 жыл. Өзімнің жеке курсымды бастап, офлайн форматта алғашқы сабағымды өткіздім. Әйтеуір әрекет етудеміз, ары қарай не болатыны белгісіз

Барлығы жақсы болады деген бір ғана сенім бар. Сол сенімнің арқасында 2 айлық офлайн курсты бар болғаны 4500 тг өткіздім. Еще “Инстаграм - Байлыққа бастар жол” кітабын ТЕГІН тараттым

Бизнес жайлы кітаптарды көп оқығаннан болу керек, ең бірінші тәжірибе жинау керек деген ойды миыма құйып алғанмын. Біз ойлағандай болмай қалса, бұның өзі тәжірибе деп алға қарай қадам басып, тоқтамайтын едім

Қазір күнделікті қолданып жүрген Инстаграм, WhatsApp, Таргетинг, Сайт, Жеке Бренд және тағы да басқа Интернет Маркетинг құралдарын меңгергеннің арқасында…

Бір жылдан кейін 2020-да Алматы қаласында Интернет Маркетинг курсын өткізіп, 4 сағатта 900 000 тг табыс таптым

Бұндай табысқа жетуіме 2019 жылы жинаған тәжірибелерім көмектесті

Сондықтан ең бірінші тәжірибе жинап, көптеген қателік жасап, сол қателіктен сабақ алып, өзімізді дамытуға жұмыс жасау қажет

Сізге сұрақ: бір істі бастаған кезде нәтиже болмай жатса қандай сезімде боласыз? Бастаған ісіңізді соңына дейін жалғастырасыз ба?

Әлде, мынауың болмайтын іс екен деп тастап кетесіз бе

#таргетинг #сайтжасау #жетістік #бизнес #маркетинг #даму #армандау