Get Mystery Box with random crypto!

MАЛ БАЗАР KZ / cn

Telegram арнасының логотипі malbazarqzn1 — MАЛ БАЗАР KZ / cn M
Telegram арнасының логотипі malbazarqzn1 — MАЛ БАЗАР KZ / cn
Арна мекенжайы: @malbazarqzn1
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 239
Арнадан сипаттама

Қазақстанның ауыл шаруашылығы хабарландырулары 🇰🇿
👉Бұл топтың мақсаты
🐄 Мал шаруашылығын дамыту
🐏 Малды сату-сатып алу
🐐 Шалғайда жатқан қазақ малшыларына базарды жақындату

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 4

2022-07-23 21:12:31 Шұғыл хабарландыру!
33 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 21:08:26
Қызылордалықтар назарына!

Бұйыртса, шілденің 25-26 күндері Сыр елінде боламын.
Қояр сауалдарыңыз, айтар ұсыныстарыңыз болса, кездесуге келіңіздер.

Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар

Нұрлан: 8 705 101 77 77
Елнұр: 8 778 382 52 62
39 views18:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 13:31:01
Әсершіл адамдар мен балаларға арналмаған видео

Жаңаөзен, Жетібай темір жолының бойы.

Кеңес үкіметі кезінде салынған қоршаудың қоршау деген аты ғана. Сымдары үзіліп жерде жатыр, ағаш тұрақтары шіріп, үгіліп тұр.

Адамдардың жауапсыздығынан зардап шеккен малға қарап, жүрек ауырады
40 views10:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 20:39:05
Қыс қатты болатын жылы аюлар осылай май жинайды деп жататын еді үлкендер. Естулеріңіз бар ма?
115 views17:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:21:28
«Бельгияның аты болғың келіп кетеді екен»

Жылқының тізе буынына наноскоппен жасалып жатқан ота туралы салған видеома осындай пікір келіпті. менің оқырмандарым әңгімені жібереді ғой)) Оқып, әбден күлдім

Шетел малының күтімі керемет екені рас

Мына видеоны көріп, осы қойдың орнында болуды армандап кеткендер бар ма?
134 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:50:15
Қазақстанның 3 млн гектар жері осы заңсыз жеке меншікке берілген. Бұл туралы Бас Прокуратура мәлімдеді. Бұл жерлерге кім иелік етті? Енді кімге беріледі?

Елімізде 80 млн гектар жер жайылымға арналған. 49 пайызы мемлекет меншігінде. Демек, жартысы үлестірілген. Соның ішінде прокуратура тек 3 млн жердің заңсыз берілгенін анықтапты. 18 млн гектары қолданылмай бос жатыр.

Ал мал өсірушілер мен диқандарда шаруа жүргізетін жер жоқ

Толық нұсқасы:

85 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 02:22:34
Бельгияның үздік ветеринарлық клиникасында жылқының тізесіне Наноскоп көмегімен артроскопия жасалып жатыр

Жануардың алдыңғы тізесінің буынына зақым келген. Тыныштандыратын және ауырсынуды басатын екпе салып, жіңішкелігі небәрі 1,9 мм болатын наноскоп енгізілді. Дәрігерлер терісінің 3 мм жерін ғана тесу арқылы, микрокамера енгізіп, ота барысын монитордан бақылап отыр.

Олардың айтуынша, мұндай шағын әрі жеңіл отадан кейін жылқылар тез арада шауып кетеді

Неткен кәсібилік, малға деген неткен жанашырлық десеңізші. Біздің кешегі сұмдық видеоны көрсе шошитын шығар
98 views23:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 16:49:14
Киіктерді атамыз ба, атпаймыз ба?

Ақбөкендер тағдырына қатысты
«7 арнаға» берген сұбатымның толық нұсқасын ютубтан көре аласыздар. Сілтемесі

84 views13:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 15:06:33 Жылқыны азаптаған бұзақы
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабы, 1 тармағы бойынша (әкімшілік құқық бұзушылық) 10 тәулікке қамауға алыныпты.
50 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 09:41:47
Бейкүнә жануарға обал болған екен.. Жылқының не кінәсі бар? Қандай мәселе болмасын, иесімен өзара шешілуі керек еді.

Алматы облысы, Іле ауданы, Междуречинск ауылында болған оқиға дейді. «Күдікті сол күні ұсталғанымен, еш жауапқа тартылмай, келесі күні түк болмағандай жүр» деп жатыр наразы халық.

Алматы облысының полиция департаменті мен Прокуратурасы қайда қарап отыр? Сұмдық!
89 views06:41
Ашу / Түсініктеме