Get Mystery Box with random crypto!

Әссәләмуалайкум Мактубат оқырмандары! Мактубат жобасының жары | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Әссәләмуалайкум Мактубат оқырмандары!

Мактубат жобасының жарық көргеніне үш жылға жуықтады. Осы кезге дейін ботқа тіркелушілер саны 20 000-ға жетіп, діни кітап базасы 200-ден асты.

Мактубат коммерциялық жоба болмағандықтан админ ретінде маған ешқандай кіріс әкелмейді. Сәйкесінше бот құрылымынан бастап осы сәтке дейінгі барлық шығынды жеке қаржымнан төлеп жүрдім.

Алайда осы жылдан бастап сервер (кітаптар орналасқан алаң) қызметі өсті ме білмедім, ай сайынғы төлем құны бірнеше есе артып кетті. Қазіргі таңда айлық төлем ботты қолдану жиілігіне қарай 40-60$ құрайды.

Ойлана келе, бот баршаңыздың игіліңізге жұмыс жасап жатқан жоба болғандықтан ай сайынғы төлемді ортақ краудфандинг арқылы өтеп отырсақ деген ойға келдім.

Егер қолдасаңыз, төмендегі Каспи счетқа ақша аударып, #мактубат деп жазып жіберуіңізді сұраймын.

Каспи 4400430156501766

Әр айы сайын есеп беріп отыратын боламын, инша Алла! Баршаңызға Алла разы болғай!