Get Mystery Box with random crypto!

Кітап оқу асыл дінімізде құпталған құлшылықтардың бірі. Құран | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Кітап оқу асыл дінімізде құпталған құлшылықтардың бірі. Құран Кәрімнің алғашқы аятының “Оқы!” деп түсуі де мұсылман үшін оқу мен тоқудың, білім игерудің маңыздылығын ұқтырады.

Осы орайда кітап оқудың 7 түрлі пайдасын ұсынамыз:

Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.

Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.

Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.

Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.

Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.

@mihrab_kz