Get Mystery Box with random crypto!

​​ Рухани жаңғырудың шынайы үлгісі Индиялық шаштараздың мын | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

​​ Рухани жаңғырудың шынайы үлгісі

Индиялық шаштараздың мына ісі көпті тәнті етуде. Әдетте көптеген шаштараз орындары тұрақты келетін клиенттері үшін арнайы теледидар орнатып қояды. Оған жын-ойнақ бейнебаяндар қойып та жатады. Ал мына индиялық шаштараз жігіт өзінің клиенттері үшін шағын ғана кітапхана сөресін жасатып, оған: "Осындағы кітапты оқыған клиентке 30% пайыз жеңілдік жасалады",- деп жазып қойған екен.

Үнді шаштаразы өз кәсібін жүргізе отырып, қоғамның түзелуіне өз үлесін осылай қосып жатқан көрінеді. Кітап оқыған қоғамның ой-өрісі де биіктейді. Кітап ақылына ақы сұрамайтын құндылық екенін насихаттап жатқандай.

Түйіні сол әрбір кәсіп иесі бұл өмірдің мақсаты - тек дүние табу ғана емес, рухани құндылықтарға айналамыз мұқтаж екенін ескере жүруі керек екен.