Get Mystery Box with random crypto!

“НҰР-АСТАНА” МЕШІТІНІҢ АТАУЫ АУЫСАДЫ Бүгін елордада Бас мүфти | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

“НҰР-АСТАНА” МЕШІТІНІҢ АТАУЫ АУЫСАДЫ

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс Төралқа мәжілісі өтті.

Жиында негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінен келіп түскен ұсыныс.

Төралқа мәжілісінде елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінің ұсынысы талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді.

Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталмақ.

@ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары

Каналға жазылуды ұмытпаңыздар