Get Mystery Box with random crypto!

ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУШЫЛАРҒА ОРАМАЛ ТАҒУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ Sputnik Өз | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУШЫЛАРҒА ОРАМАЛ ТАҒУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

Sputnik Өзбекстан порталының мәлімдеуінше, биылғы оқу жылынан бастап өзбекстандық оқушы қыздар орамал тағуға рұқсат алды. Бұл туралы Ұлттық Білім Министрлігі жариялаған.

“Ұлттық құндылықтарды ескере отырып, мектепте қыздарға ақ және ашық түсті ұлттық орамал мен тақия киюге рұқсат етіледі” - делінген ведомство таратқан мәлімдемеде.

Мұндай шешімге ҰБМ ата-аналар тарапынан ұсыныс пен өтініштің көптеп туындауы себепті барған.

Шілде айында ел президенті Шавкат Мирзияев “Діни және ар-ождан бостандығы” туралы заңға жаңа толықтырулар енгізіп, қоғамдық орындарда хиджаб киюге рұқсат берген болатын.

@ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары

Каналға жазылуды ұмытпаңыздар