Get Mystery Box with random crypto!

Әйелдердің қолы, жүзі, тобығына дейінгі аяғынан басқа барлық ж | Мұқағали Мақатаев

Әйелдердің қолы, жүзі, тобығына дейінгі аяғынан басқа барлық жерлері түгелдей әурет болып саналады!
­
Әбу Һурайрадан (разыйяллаһу анһу). Аллаһ елшісі МҰХАММЕД (салаллаһу әлейһим уассәлям): ­
ЖӘННАТТЫҢ ИІСІН ДЕ СЕЗБЕЙТІН ТОЗАҚЫ ӘЙЕЛДЕРДІ БАЯНДАП КЕТКЕН:
­
1) Аллаһтың игіліктері берілгенмен, оған шүкірлік етпейтін әйелдер.
­
2) Киім киген, бірақ игілік істемейтін, Ақыретіне және құлшылық - ғибадатқа көңіл бөлмейтін әйелдер.
­
3) Көркін көрсету үшін денесінің кейбір бөлігін ашып жүретін әйелдер.
­
4) Ішіндегісі көрініп тұратын жұқа, селдір киім киетін әйелдер!
­
5) Аллаһ тағалаға бойсұнудан ауытқыған әйелдер және ар-намыстарын сақтау шараларын және т.б. міндеттерді орындамайтын әйелдер.
­
6) Иықтарын бұлғақтатып, паңдана басып жүретін әйелдер.
­
7) Шаштарын жеңіл жүрісті әйелдер сияқты сәндейтін және басқа әйелдердің шаштарын осылай сәндейтін әйелдер.
­
8) Көріктерін көрсетіп, еркектерді еліктіретін, оларға қылымситын әйелдер.
­
9) Ұялу қасиеті жоқ әйелдер, мұндай әйелдер еркектерге ұмтылады, олардан тартынбайтын және бастарын төмен салмайтын әйелдер
­
Яғни егер олар «мұндай істерге тыйым салынғанын біле тұра, оған рұқсат етіледі» деп санаса,
КӘПІР БОЛЫП, ТОЗАҚ ОТЫНДА МӘҢГІ ҚАЛАДЫ ЖӘНЕ ЕШҚАШАН ЖӘННАТҚА КІРМЕЙДІ!
Егер осы істердің бірін жасағанмен, «оған рұқсат етіледі» деп санамаса, олар жаннатқа әуел баста табысқа жеткендермен бірге кірмейді.
­
Орануға мән бермеу және әшекейлерін көрсету сияқты күнәлар көбінесе әйелдерде кездескені үшін сүйікті Пайғамбарымыз ﷺ :
«Миғраж түні жаһаннамды көрсетті, көбісінің әйел болғанын көрдім» деді. (ТИРМИЗИ)
­
Сондықтан ажал келмей тұрып ойланыңыздар, Раббыңыздың разылығын табыңыздар, қайтарғандарынан тыйылып, әмір еткен бұйрықтарын бұлжытпай орындаңыздар, себебі ол өзіңіз үшін пайдалы. Әр адам қияметте тек өзі үшін ғана жеке-жеке жауап береді делінген. Алла біздің намазымызға, ғибадаттарымызға, яғни ешнәрсеге мұқтаж емес, керсінше біз Аллаға мұқтажбыз!!! Ақырет мәңгі, ол жақ - өлімсіз! ­
_________________________________________________
Алла Тағала баршамызға тура жол, тауфих, хидаят берсін, күнәларымызды кешіріп, өзінің Фирдаус жәннатына кіргізген болсын! (Әмин)
­