Get Mystery Box with random crypto!

Ғашықпын, Қайтіп оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы м | Мұқағали Мақатаев

Ғашықпын,
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

— Мұқағали Мақатаев