Get Mystery Box with random crypto!

НЕ ҮШІН РЕНЖИМІЗ? Өкпе-реніштің қайдан келетіні жайлы ойланды | Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️

НЕ ҮШІН РЕНЖИМІЗ?

Өкпе-реніштің қайдан келетіні жайлы ойландым.
Не үшін біреуден көңіліміз қалады?
Не үшін ренжиміз? Сөйтсем, бұның басты себебі біреуден бір нәрсе күту, үміт ету екен. Үмітің ақталмай қалса, өкпелейсің. Мысалы, жақыныңнан жылы сөз күтесің, ол күткеніңді бермесе, ренжисің. Біз өзгелерден жақсы мәміле қылуын, бізді құрметтеуін күтеміз. Олай болмай жатса, көңіліміз қалады.

Ата-анамызға не үшін ренжиміз? Себебі олар бізді түсінуі керек, жақсы көруі керек деп ойлаймыз. Уағдаласқан уақытта кездесуге келмеген досымызға налимыз. Ешкімге өкпелемеу үшін не істеу керек? Иә, ешкімнен ештеңе күтпеу керек. Ешкім саған жақсы қарауға, сен күткендей қарым-қатынас жасауға міндетті емес.

Ешкімнен ештеңе күтпеудің тағы бір ұтымды жері: күтпеген нәрсең орын алса, мұндай тосын сыйға ерекше қуанасың.