Get Mystery Box with random crypto!

Ешкімге керегің жоқ, Ешкімнің керегі жоқ, Сұрама, 'неге бұл?' | Мадиярдың жазбалары



Ешкімге керегің жоқ,
Ешкімнің керегі жоқ,
Сұрама, "неге бұл?" - деп
Себебі, себебі жоқ!

Ешкіммен кездесу жоқ,
Ешкіммен қоштасу жоқ,
Көз жасың көл-көсір боп,
Көлгірсіп бас қосу жоқ!
...Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты!

Ешкім де аңсамайды,
Ешкімді аңсамайсың.
Болса да қанша қайғы
Өзіңді зор санайсың!

Ешкім де кінә артпайды,
Ешкімге кінә артпайсың.
Бəрі де жырақтайды,
Бәріне сыр айтпайсың.
...Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты!

Ешкімді алдамайсың,
Ешкім де алдамайды.
Әдемі əн қалайсың,
Әуені жанға жайлы.

Ешкімді жақсы көріп,
Ешкімді жек көрмейсің.
Ешқандай нәпсіге еріп,
Ешкімге кектенбейсің.
...Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты!

Ешкімді сағындырып,
Ешкімді сағынбайсың.
Ешкімді бағындырып,
Ешкімге бағынбайсың.

Ешкімді шақырмайсың,
Ешкіммен таныспайсың.
Құдайға жақындайсың,
Күнәдан алыстайсың.
...Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты!

Қалқаман САРИН

@madiyardyn_jazbalary