ЖАҢА ЫСТЫҚ ФАНФИК
МЕН ГЕЙМІН — ҰЯТСЫЗ МАХАББАТ
Басты рөлде: Пак Чимин & Чон Солльи.
Қосалқы кейіпкерлер: Ким Тэхён, Чон Чонгук, Мин Юнги, Чон Хосок, Ан Соён, Ким Бона, Чон Мира және т.б.
Жанры: мектеп, 18+(жабық түрде) трагедия, романтика, get, angst, gay т.б.
Бөлім саны: ?¿
Автор: #𝘓𝘢𝘯𝘢
Ескерту: - ұятсыз сөздер қолданылған, айып етпеңіздер!
Part_1
- Келдік, түс! - деді, зілді дауыста жасы біразға келген ер адам. Көлік ішінде қасында әдепті балаға ұқсаған жігіт отыр. Сондай әдемі, шаш үлгісі заманауй үлгіде бір жаққа қайырылған, қызыл галустук және керемет мектеп формасы. Жігіт есікті ашып жатқанда әкесі:
- Әлгі түкке тұрғысыз бағаңды жөнде. Әйтпесе күш қолдануыма тура келеді. Ұқтың ба?! - деді, дауысын көтеріп.
Жігіт бір миығымен күлді де түсіп кетті. Көлік болса ілгері жүріп кетті.
Жаңағы тәрбиелі де әдепті жігітіміз мектеп қақпасынан өткен бойда мойнындағы галстукты босатып, үстінгі түймелерін ағытып тастады. Бір жаққа қайырылып тұрған шашын да қолымен қопарып шықты. Мектеп алдына қойылған орындыққа аяғын қойып балағын да қайырып тастады.
- Оу,оу бро, ыстықсың, - деді, оның жанына енді жеткен сары шашты жігіт.
- О Юнги, қайырлы таң, - деді, көңілсіз дауыста. Юнги оны бір соғып:
- Неге сонша көңілсізсің? Баяғы әкең бе?
- Иә. Оны қоя берші, кеше кіммен болдың?
- Тэхён...
- Яй, - деді, қатты дауыстап. Юнги жымия:
- Қалжыңдаймын. Сол андағы гей жігіттермен. Чимин~щэ, жаңалқты естідің бе?
Чимин сөмкесін дұрыстап:
- Жаңа қыз жайлы ма? Ол мені қызықтырмайды, - деп алға жүріп кетті.
*
Мектеп айтарлықтай үлкен емес. Үш қабатты білім ордасы. Жо-жоқ ұятсыздар мекені десем артық болмас. Себебі бұл жеке мектептің 79%-ы жыныстық қатынасқа түскендер. Бір сыныптың қыз жігіттері бір күні төсектес болады да, келесі күні ештеңе болмағандай мектепке келеді. Араларында гейлер мен лезбилер де бар. Тек қана бай-шонжарлар оқитын бұл мектепте білім де оңды берілмейді. Мұғалімдердің бәрі оқушыларының тым ұятсыз екенін біледі, бірақ үндемейді. Не десін? Ай сайын милиондаған қаржымен аузын жауып қойғасын. Тіпті араларында ұстаздарымен де төсектес болғандар бар. Осыған қарап-ақ мектепте ұяты бар бір адам бар деп айта алмайсың.
*
- Сәлем Чимин, - деді, екі жігіттің алдынан шыққан сылқым. Юнги оған қарап тілін бар ұзындығымен шығарып көзін жоғарға төңкерді. Қыз да жымиа қастарынан өтіп кетті.
Екі жігіт үшінші қабаттағы өз сыныптарына келді. Сынып аурасы өзгеше. Құдды клубпа дерсің.
Қыздар парталарын бояумен толтырып қойған. Бір-бірлерінің беттеріне бояуды баттастырып жағып жатыр. Түрлеріне қарасаң құсқың келеді. Терезе алдында екі гей бір-бірімен француздық сүйіс жасап жатыр. Біз үшін бүртүрлі болғанмен сынып бұған үйренген. Олар бұндайға таңғалмайтын да шығар.
Чимин терезе қасындағы өз орнына жайғасқанда белгісіз бикеш оның алдына банан қойды. Чимин оған түсініксіз қарады. Бике ернін бір жалады. Чимин мысқылай орнынан тұрып қыздың құлағына:
- Мен геймін! - алшақтап орнына отыра кетті.
Бике артқа бұрыла бергенде оның ерніне Юнги жабысты. Чимин оларға бір қарап мырс етті. Бұл оны таңғалдырмады, бірақ есік алдында тұрған жаңа оқушы қыз бұны көріп шок болды. Қарап тұрып құсқұсы келді. Чимин оны байқады. Және оның реакциясына еріксіз күлді.
Жаңа оқушы кері бұрыла бергенде біреуге түйісті. Жігіт оны ары итеріп:
- Қымбаттым қайда асықтың? - деді үстін қағып. Қыз ештеңе демей шығып кетті.
Тэхён басын шайқай ішке қарады. Чиминді көріп қасын көтерді. Чимин аса қатты мән бермеді.
Тэхён ашулана:
- Керегін алады да менсінбейді. Көрейік қанша уақыт шыдар екенсің?
Сабақ басталды. Оқушылар біріңғай тыныш отыр. Қолдарында телефон, ортақ чатта әңгіме соғып отыр. Жалғыз Тэхён мен Чимин ғана телефонмен отырған жоқ. Ұстаз:
- Құрметті оқушылар, - деді назарды өзіне аударып.
Чимин ұстазға қарап есіне бірдеңе түсе алдында отырған Чонгукты түртті. Чонгук артқа қарап: