Get Mystery Box with random crypto!

🐇 ( i ) архив любви っ 🧁 !

Telegram арнасының логотипі love_yourself_005 — 🐇 ( i ) архив любви っ 🧁 !
Telegram арнасының логотипі love_yourself_005 — 🐇 ( i ) архив любви っ 🧁 !
Арна мекенжайы: @love_yourself_005
Санаттар: Музыка
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 233
Арнадан сипаттама

🎗›› ocᥱαn ::

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2021-11-24 15:22:24
29 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 18:37:02 https://chat.whatsapp.com/BYFq21QwVBPBUEnaxJIKyG
9 views15:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-10 15:04:56 Всем привет. Сіздерге бір өтініш болып тұр.
Каспий бар адамдар осы нөмерге " +77758056436 Толқын Ахаева " ең болмаса 100 тг салып жіберейік.
44 views12:04
Ашу / Түсініктеме
2021-09-27 14:16:00 https://chat.whatsapp.com/BYFq21QwVBPBUEnaxJIKyG
568 viewsDaniar, 11:16
Ашу / Түсініктеме
2021-09-05 07:50:35
Ағылшын тілін бізбен бірге үйрен! Саған барлығын егжей тегжейлі үйрететін боламыз!

Learn English with us! We will teach you all in detail!
1.1K views04:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 14:49:31 Мия: Әке, болды қойыңызшы басым айналып кетті,-деп сықылықтап күліп жатты.
Иә, бұл Чонгук екеуіңнің махаббаттарыңнан пайда болған жеміс. Сендер қыздарыңды қатты жақсы көресіңдер. Сенің тағы да аяғың ауыр(Упс ). Бұл не деген бақыт. Енді Чонгук ешқашан өзін жалғызбын деп сезінбейді. Екі бауыр көрші тұрады. Иә, мен Джинді меңзеп тұрмын. Джин де өте бақытты. Өзінің бала махаббаты Санамен қосылғанына биыл бес жыл. Олардың сүйкімді періштесі ұл бала есімі Мингю. Сананың да аяғы ауыр. Мен сендерден тек қана бақыттың аурасын сезіп тұрмын. Басқа ештеңе емес.

Бүгін 17 сәуір. Иә, Сендердің тойларың болған күн. Бас қосып жиналуға арналған нағыз күн.
Джин: Тойлататын сәтте келді. Бақыт деген осы шығар, иә, Мингю?
Мингю: Иә, әке. Әке мен Мия қарындасымды ойнатайын.
СаНа: Иә, балам, бара ғой. Балалардың бауырмалдығы біздің бақытымыз.
Чонгук: Мингю екі ме әлде Мия екі ме?
Сен: Не айтып отырсың?
Чонгук: Біздікі Мингю екі. Сендердіңкі ше?,- сенің ішіңді ұстай.
Джин: Ааа, ол ма? Біздікі Мия екі. Солай болғанын өзіміз де қалап отырмыз.
Сана: Мия секілді сүйкімді қызымыз өмірге келсе болды толыққанды отбасыға айналамыз.
Сен: Ал біздің әлі жоспарларымыз бар,-күле. Бәрі бірге күлді.
Сана: Абысын жүр, дастархан жайып тастайық.
Сен: Жүріңіз.
Сана: Қашан сіз деуіңді қоясың, өзімді кәрі сезініп кетем,-деп екеуің ас бөлмесіне кеттіңдер.
Джин: Әйелім жанымда, балаларым аман, бауырларым бақытты, отбасым тыныш-бақыт деген осы екен-ау шамасы.
Чонгук: Иә, аға дұрыс айтасың. Бұл өмірде бұдан артық керемет таппасымыз анық.
Джин: Сол күні сені ренжіткеніме әлі жаным ауырады.
Чонгук: Түу, хён, ұмытшы болды. Бастысы қазір біргеміз ғой,-деп отырғанында Ыну да келді. Қолында екі қызы бар. Айтқандай ол да үйленген болатын. Жарының есімі Мин Шина өзі сондай тәрбиелі. Қазір олар да бақытты отбасы. Шина үш жыл бұрын Ынуға егіз қыздарды сыйға тартқан болатын. Сонымен үш отбасы осындай берік қарым-қатынасқа ие.
Ыну: Бауырларым, қалайсыңдар?
Джин: Қайын аға, өзіңіз қалайсыз. Көріп тұрғаныңыздай бізде бәрі жақсы.
Ыну: Бізде де солай. Қыздар мен балалар қайда?
Чонгук: Ас үйде. Балалар ойнап жүр.
Ыну: Ынби, Ынбёль барып аға-әпкелеріңмен ойнаңдар,-деп оларды жіберіп жіберді.
Шина: Мен қыздардың жанында боламын,-деп ас үйге жол тартты.
Кеш те батты. Көптен күткен басқосу. Бәрі бақытты. Бәрі қуанышты. Бәрі тағдырларына риза....

Жаратушысының пендесіне сыйлаған бұл баға жетпес сыйлығы – ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІ болса, ол ешқашан да сөнбейді! Ешқашан да өшпейді! Чонгук пен Сен, Джин мен Сана, Ыну мен Шинада да солай болғай...

#Соңы

#SOLLII
1.1K views11:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 14:49:31 #ТҮСІМДЕГІ_ҚЫЗ

11•БӨЛІМ ( СОҢҒЫ БӨЛІМ )

Джин: Менің басыма бір идея келіп тұр.
Сана: Ол қандай идея?
Джин: Тойды бірге өткізелік.
СЕН: Бізге әлі ерте емес пе?
Чонгук: Ерте емес!

Міне осындай диалогтан кейін Чонгук екеуіңде үйленуге шешім қабылдадыңдар. Жас жұптың бір-біріңе деген сағынышы басылар емес. Екеуің де бір-бірлеріңді қатты сүйесіңдер. Сыйлай біледі. С/Адай қызға жолыққан Чонгуктің жолы болды. Чонгуктей жігітке жолыққан сенің жолың болды. Сендер сондай тәтті жұпсыңдар. Осындай шытырманға толы болған сендердің өмірлерің әйтеуір дегенде өз аяғына жетті. Көріп отырғанымыздай сендер қосылдыңдар. Қашан адамның жүрегінен махаббат сезімі өшсе, сол кезде қоғам кері кетіп, ізгіліктен жұрдай болады. Махаббат — өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю. Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Өйткені, шын сүйіспеншіліктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ. Қалай алып қарасақ та, махаббаттың орны орасан екені көрінеді.
Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махаббаттан не басталады? Махаббаттан барлығы басталады: өмір, жұмыс, арман. Сондықтан, махаббат – ең жақсы өмір жағы. Махаббат бар-жоғы сегіз әріптен құралған жалғыз сөз. Ал осы сөздің ішінде қаншалықты күш-қуат бар екенін екінің бірі біле бермейді. Бұл жерді аспанға шарықтатып, көк аспанды жерге түсіретін ғаламат күштің иесі.

Біреулер ойлайды: тек бір көргенде ұнап қалған қызды кездестірсе болды, мен ғашық болып қалдым, махаббат деген осы екен деп! Шынайы махаббаттың ­оянуы оңай емес. Бірақ, Чонгук екеуіңде бұл орын алды. Табиғаттың тылсымына назар аударатын болсақ, аққу құс­тың жұптасып тіршілік кешуі, өздеріне тән сезімдерін қимыл-әрекеттері арқылы білдіруі ерекше сүйіспеншіліктің мақұлықтар арасындағы көрінісі арқылы киелі сезімнің бар екендігін дәлелдейді. Шын ғашық болып қосылғандар бастарына қандай қиындық түссе де төзеді, тек армандары сол сүйіп қосылған адамымен бірге болу.
Сенің мейлі, қалтаң толы долларың болсын, үйің толы алтын мен күмісің болсын, болашақ жұбайыңның қолы мен мойны гауһар мен алтын болсын, ал біріңе-біріңнің махаббат сезімі болмаса, бақытты бола алмайсыңдар. ­Махаббат жоқ жерде, бақыт та жоқ.
Махаббаттың өз қуанышы, шат­тығы, мұңы мен сыры бар. Ғашық болған адам өзгелерден ерек­ше болады. Ғашықтық – дерт. Бірақ ол дерт жайлы ешкім ештеңе білмейді. Махаббаттың қандай дерт екенін тек ғашық болған жан ғана біледі.

СЕЗІМ дегеніміз – адам жанының ешқандай қатардағы бір пенденің көзіне көріне де бермейтін ең нәзік қылы. Сезімге бастайтын жол – ынтықтық, құмарлық, құштарлық. Негізінен осы ЫНТЫҚТЫҚ, ҚҰМАРЛЫҚ, ҚҰШТАРЛЫҚ болмаған жерде - ешқандай да СЕЗІМ туралы айтудың өзі артық дер едім.
Ал, енді осы СЕЗІМНІҢ ең шырқау шегі не дегенде, айтарым, ол – ҒАШЫҚТЫҚ! Басқаша айтқанда МАХАББАТ! Және де ол пенде бойындағы СЕЗІМ атаулының ең асылы саналады. Бұған дейінгі адам бойындағы алуан сезімдер – сол ҒАШЫҚТЫҚҚА апаратын баспалдақтар еді.

Ер адамның немесе әйел адамның бойындағы бұл асыл сезімдер – оның көзі жұмылғанша жоғалмайды. Оған бір ғана мысал, арманына жете алмаған екі ҒАШЫҚТЫҢ – басқа жандарға қосылып өмір кешкендерімен, олардың бойындағы сол бір асыл СЕЗІМ – ҒАШЫҚТЫҚ оты - ешқашан да өшпейді, өлгенде де о дүниеге олармен бірге кетеді екен. Бірақ, менің бұл кейіпкерлерімде бәрі басқаша, бәрі ертегідегідей.
Жастық шақтағы ессіз ҒАШЫҚТЫҚ пен қартайып шау тартқан кездегі ҒАШЫҚТЫҚТЫҢ ешқандай айырмашылығы жоқ. ҒАШЫҚ адам – өмір бойы ҒАШЫҚ болып өтеді. Және Чонгук екеуің өмір бойы бір-біріңе ҒАШЫҚ болып өтесіңдер.

Осылай уақыттың зымырауымен той күні де келіп жетті. Төрт аққудың да жүзінде тек қана күлкі, тек қана бақыт. Иә, бұл неке қияр сәті еді. Бір кісі оларға сұрақтар қойып жатты. Ал төртеуі тек қана ИӘ деген жауапты ғана айтты. Мұның өзі үлкен бақытқа жетеледі. Бұдан артық олардың бақытын бейнелеу мүмкін емес.

5 жыл өткен соң.

Сен: Мия, қайдасың?
Чонгук: Менің екінші С/А ім қазір сені тауып аламын.
Мия: Жоқ, мені тауып ала алмайсыздар,-деп бір кішкене сүйкімді қыз жүгіріп өтіп кетті. Чонгук оны ұстап алып айналдырды.
649 views11:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 14:33:03
#SOLLII
507 views11:33
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 13:21:10 йымдастырып жатқан да соның өзі.
Чонгук: Недеген қуаныш. Жақсылық еселеніп жатыр. Сана саған көп рақмет. Сендер болмағанда. Білмеймін. Сендер отыра беріңдер. Мен қазір С/Аны алып келемін,-деп үйден шығып кетті.
Сана: Ол жаңа жоғалтып алдым деген еді ғой. Қайдан әкелмекші?
Джин: Білмедім. Әйтеуір ол бізді кешірді,-қуана.

Чонгук бірден сенің үйіңе келді.
Үйге кіре салысымен:
— Пак С/А, мен осындамын,-деп айғай салды.
Сен: С/А?,-деп есіңнен танып қалдың.
Чонгук: С/А , есіңді жи. Жеттім-ау өзіңе,-деп не істерін білмей қуаныштан саған су шашып жіберді.
Сен орныңнан атып тұрып: Пупсигім сен мені таптың!,-деп жылап жібердің( ).
Чонгук: Тазигім өзіңе жеттім-ау әйтеуір,-деп сенің еріндеріңнен нәзік сүйді.
Сен: Мені табатыныңды білгенмін,- оның еріндерінен ажырап.
Чонгук: Мен сені қатты сағындым. Чагиямм!
Сен: Мен де. Енді екеуміз ешқашан айырылмаймыз. Ешқашан...
Чонгук: Жүр. Мен сені ағам мен жеңгеме көрсетемін.
Сен: Таныстырамын десейші. Мен зат емеспін ғой.
Чонгук: Ой, иә. Қобалжығанымнан не айтып не қойғанымды білмей жатырмын.
Сен: Мәәә, кішкене ұялып тұрмын
Чонгук: Мен де.
Сен: Әдемі болып тұрмын ба?
Чонгук: Сен әрқашан әдемісің!
Сен: Кеттік.

Чонгук үйіне келді.
Сана: Сен оны бірден тауып алдың ба?
Чонгук: Иә, жеңгетай.
Джин: Жеңгетай? Келін қайда?,-күле.
Чонгук: С/А кір.
Сен кіріп: Сәлеметсіздер ме? Менің есімім Пак С/А!
Сана: Танысқаныма қуаныштымын.
Сен: Мен де.
Чонгук: Менің С/А ым осы.
Джин: Менің басыма бір идея келіп тұр.
Сана: Ол қандай идея?
Джин: Тойды бірге өткізелік.
Сен: Бізге әлі ерте емес пе?
Чонгук: Ерте емес! ......

#SOLLII
474 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 13:21:10 #ТҮСІМДЕГІ_ҚЫЗ

10•БӨЛІМ

Сен: Мия... Әдемі есім екен. Қашаннан кездесіп бастап едіңіздер?
Чонгук: Бір апта бұрын.
Сен: Бір апта бұрын дейсіз бе? Қызық адам екенсіз...
Чонгук: Қызық адам?,-деп күлді.
Сен: Оны қалай жоғалтып алдыңыз?
Чонгук: Қазір айтсам сенбейсіз.
Сен: Неге? Әлде бұл да сіздің қызық адам екеніңізді білдіре ме?
Чонгук: Солай десек те болады.
Сен Чонгукке шай құйып бердің.
Чонгук: Шайыңыз өте дәмді екен.
Сен: Ұнағанына қуаныштымын.
Чонгук: Сіздің жігітіңіз бар ма?
Сен: Оны қайтейін деп едіңіз?
Чонгук: Танысудың бір амалы емес пе?
Сен: Сүйгеніңізді жоғалтқаныңыз жаңа, енді менімен таныспақсыз ба?
Чонгук: Жоқ. Тек қана біраз уақыт сіздің жаныңызда болғым келеді. Тек біраз уақыт...
Сен: Жігітім жоқ.
Чонгук: Мен де басымнан кешіргенмін бұл жағдайды демеп пе едіңіз?
Сен: Иә, біраз уақыт бұрын болған. Қазір жоқ. Ол уақыттарды есіме түсіргім келмейді.
Чонгук: Жақсы.

Терезенің алдында Джин ойланып отырды.
Сана: Джин, неге көңілсізсің?
Джин: Чонгукті қайтеміз?
Сана: Мен сол кезде қатты айтып жібердім. Ол болмаса мұның бірі де болмайтын еді,-ойлана.
Джин: Той қағаздары дайын ба?
Сана: Бір-екі сағатта дайын болып қалады.
Джин: Екеуміз бірге барып, жақсылап кешірім сұрайық. Сосын тойға шақыртуды да береміз.
Сана: Мынауың жақсы ой екен. Әйтеуір, кешірсе екен.
Осы кезде Ыну келді.

Ыну: Ал балалар тойға дайындық қалай?
Сана: Бізде бәрі жақсы. Өзіңіз қалайсыз?
Джин: Ыну, сізден бірдеме сұрайын деп едім.
Ыну: Иә, күйеу бала, сұрай ғой.
Сана: Мен дастархан жая берейін.
Джин: Чонгуктің компаниясының жағдайы қалай?
Ыну: Ол қазір Чонгуктіңкі емес. Сендердің қосылуларың үшін компанияны маған қайта өткізген.
Джин: Біздің қосылуымыз үшін?
Ыну: Чонгук ең басында компанияны алған сәтінде менің шартыма сәйкес маған да шарт қойған. Сол шартында егер Сана өз еркімен Джинді сүйемін деп айтса екеуінің қосылуына қарсы болмайсың деген сөздер айтылды. Бірақ, мен келіспедім.
Джин: Оның қазір қайда жұмыс жасап жүргенін білесіз бе?
Ыну: Оны білмеймін. Тек ол құжаттарды тапсыруға келгенде сендерге аздап өкініші бар екенін білдіріп қойғандай.
Джин: Сана екеуіміз оны тым қатты ренжітіп қойған едік.
Ыну: Ол болмашыға ренжитін еркек емес. Соған қарағанда үлкен мәселе болып тұр.
Джин: Бәрі үшін рақмет. Енді біз кете берсек. Осы мәселенің шешімін табуымыз керек.
Ыну: Жақсы, бара беріңдер. Санаға абай бол!
Джин: Әрине!,-деп Санаға қарай жүгіре кетті.

Джин: Сана, тез киін.
Сана: Қайда барамыз?
Джин: Чонгукке. Шақыртулар дайын болды ма?
Сана: Иә, жаңа ғана дайын деп маған қоңырау соқты.
Джин: Дұрыс болған екен.
Сана: Мен қазір жылдам киініп шығамын.

Чонгук үйінде жалғыз. Сенің есіміңді әлі жадына түсіре алар емес. Ішімдіктен ішімдік қоймай ішіп жатыр. Жанындағы жараны тек сол ғана ұмыттыратындай. Жүрегі жалғыз, жаны жаралы. Ағасынан да, сүйіктісінен де айырылды. Жанындағы жақындарының бәрі жоқ болды да қалды. Осылай ішіп отырғанында есік қоңырауы қағылды.
Чонгук: Мынадай уақытта кім келіп тұр. Қазір!
Есікті ашқан сәтінде Джин мен Сананы көрді де:
— Сендер ме?
Джин: Иә, біз. Ішке кіргізбейсің бе?
Чонгук үндемей қонақ бөлмеге кіріп кетті. Джин мен Сана ішке өздері кірді.
Сана: Чон, бізге айтар ештеңең жоқ па?
Чонгук: Мені Чон деп атаушы болма. Осылай атайтын жалғыз ағам бар еді. Ол да өлді.
Джин: Чон, неге олай дейсің? Кешірші...
Сана: Мен көп нәрсені артық айтып қойдым. Мені де кешір. Шын жүрегіммен сұрап тұрмын.
Чонгук: Сендер үшін кешіре салу оңай ма? Сендерсіз-ақ мәселем жетерлік.
Джин: Ол қандай мәселе? Бізге айтып көр. Мүмкін біз көмектесе алатын шығармыз.
Чонгук: Оған ешкім де көмектесе алмайды. Тіпті өзім де...
Сана: Сонда да айтып көрсеңші.
Чонгук: Мен бір қызды сүйіп қалдым. Енді ол қызды таба алмай отырмын. Тауып бере аласыңдар ма?
Джин: Ол қандай қыз?
Сана: С/А деген қызды айтып отырсың ба?
Чонгук қуана: С/А? Иә, оның аты С/А. Пак С/А. Сен оны қайдан білесің?
Сана: Ағам сені шақырған кезде үйіңе барып едім есіңде ме? Сол кезде С/А деп сандырақтап жатқан болатынсың.
Джин: Мына шақыртуды саған алып келдік.
Чонгук: Сендер үйленейін деп жатырсыңдар ма?
Сана: Иә. Бәрі сенің арқаң.
Чонгук: Ал Ыну ше?
Джин: Ол бізге ақ батасын берді. Тойды ұ
466 views10:21
Ашу / Түсініктеме