Get Mystery Box with random crypto!

бір күні мен үйден кетемін де, басқа қалаға оқуға түсемін. ерт | LOVETYPHOON1♥️

бір күні мен үйден кетемін де, басқа қалаға оқуға түсемін. ерте ұйқыдан тұрып, асығыс кофе ішемін, сосын сүйікті киімдерімді киіп аялдамаға асығып жүгіріп барамын. ал кешке сәл демалып, серігіп аламын да, кішкентай ғана үйіме келіп сабақ жазамын. мен шаршағанымды айтып, мүлде уақыттың жетпейтінін айтып шамданатын боламын. бірақ, жүрегімнің түкпірінде осы қарбалас өмірім маған ұнайтын болады. менің жаңа достарым, жаңа таныстарым пайда болады. жаңа өмір парақтарын ашамын. барлығы қазіргіден басқаша болады. мен өткен қайғы-мұңдарымды ұмытуға тырысамын. өткенімде болған, менің жанымды жаралаған барлық адамдарды және оқиғаларды ұмытамын.

мен міндетті түрде бұл жерден кетіп, жаңа өмір бастаймын.

тек сол күнді күту ғана қалды.