Get Mystery Box with random crypto!

6 маусымда «Супер бол!» бірегей реалити-шоуы Қазақстанда баста | Loriya Official

6 маусымда «Супер бол!» бірегей реалити-шоуы Қазақстанда басталды.

Қазақстанның 7 өңірінде өткен кастингілерден кейін реалити-шоу командасы жобаның соңғы кастингісіне Алматы қаласына барады:

24 маусым – Алматы («ЦСКА» стадионы, Сәтбаев к-сі, 6Б, 08:00)

Тіркеу сағат 08:00-де басталады. Кіреберіс Сәтбаев көшесі жағынан орналасады. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы қажет.

Қатысушыларды тіркеу жобаның www.superbol.kz ресми сайтында онлайн режимінде жүзеге асырылады. Жобаға 16 мен 25 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.

Іріктеу аяқталғаннан кейін 50 үздік қатысушы Талғардағы Қазақстан ұлттық құрамасының базасына жиындарға аттанады. Мұнда кәсіби жаттықтырушылар мен футболшылармен бірге реалити-шоуға қатысушылар жаттығу процесіне қатысады.

Жобаның басты ерекшелігі -оның бірегейлігі мен жаңашылдығы - отандық тарихта мұндай шоу бұрын-соңды болған емес. «Super bol» форматы, ең алдымен, жастарды дамытуға бағытталған және жобаларды басқарудағы жаңа тәсілдердің жарқын мысалы болып табылады.