Get Mystery Box with random crypto!

АРАЛАС( КОМБИНИРОВАННАЯ) БЕТ ТЕРІСІНЕ АРНАЛҒАН ТОНАЛКАЛАР E | Lena Visage | Макияж • Косметика • Бет күтімі

АРАЛАС( КОМБИНИРОВАННАЯ) БЕТ ТЕРІСІНЕ АРНАЛҒАН ТОНАЛКАЛАР

Eveline “liquid control” тоналкасы-аралас бет терісіне арналған кең таралған тоналды кремдердің бірі. Қалыңдығы- орташа, матовый финиш береді. Текстура бойынша Catrice HD тоналкасына ұқсас. Бір артықшылығы-бетті құрғатып жібермейді және кешке дейін бетте толықтай тұрады.
Бағасы : 4500тг

L’Oréal paris “infallible “тоналкасы- жеңіл-орташа текстура беретін әйгілі тоналды крем. Бетті орташа бекітуімен қатар жарқырау эфектісін береді. Бір минусы бетте тұру мерзімі 5-7 сағаттан аспайды.
Орташа бағасы: 5000-6000тг

Catrice “All Matt plus “ тоналкасы- әлі де қолданыста жүрген тек аралас бет терісіне ғана емес, барлық бет типіне пайданылады. Матовый финиш беретін, бетте ұзақ тұратын бұл тоналканың бір минусы - бетке ауа өткізбейді. Фейк түрі көп болғандықтан, сатып алар кезде пипеткасына және штрих кодына мән беріңіз.
Бағасы: 3000-4000 тг

Art Visage тоналкасы- жеңіл, күнделікті қолданысқа өте ыңғайлы, бағасыда қол жетімді тоналканың бірі. Текстурасы жағынан орташа ,10 сағатқа дейін тұрады. Оттеноктары өте көп, сондықтан сатып аларта бетіңізге міндетті түрде жағып көріңіз.
Бағасы: 2500 тг

Manly pro “Velvet skin” тоналкасы -тек аралас бет типіне ғана емес, барлық бет терісіне келеді деуге болады. Себебі, бетке жағылғанда оны құрғатып, қызартып жібермейді. Керісінше, бетке тегіс жағылып, орташа қалыңдықты ұстап тұрады.
Бағасы: 8000-9000тг

Dior “forever glow skin “ тоналкасы- Lux тондардың бірі. Қалыңдығы жеңіл әрі орташа болғандықтан , аралас бет типіне келеді. Бұл тоналды кремнің түрі қырсық болғандықтан барлық бетке сай келе бермейді, сондықтан сатып алар кезде бетіңізге жағып 10-15 минуттай күтіңіз.

Бағасы: 18000 тг. ( beautymania, mon amie дүкендерінде)

Clinique “ Anti - blemish solution “ тоналкасы беттегі барлық кемшіліктерді жасыратын, матовый эффект беретін, көбісі біле бермейтін мықты тоналды кремнің бірі.
Үлкен құрамында салицил қышқылы бар .Ол- беттегі майлылықты азайтады.
Бағасы: 10200тг

Пайдалы болса төменге « » қалдырыңыз