Get Mystery Box with random crypto!

НОВИЧОК ВИЗАЖИСТКЕ КЛИЕНТ ТАБУДЫҢ 3 ЖОЛЫ Төменде айтылатын | Lena Visage | Макияж • Косметика • Бет күтімі

НОВИЧОК ВИЗАЖИСТКЕ КЛИЕНТ ТАБУДЫҢ 3 ЖОЛЫ

Төменде айтылатын 3 жол арқылы курсты кеше бітірген визажист те клиент табады. Сондықтан, дәл қазір лайк басып, сақтап алыңыз!

Өзіңізді визажист ретінде барлығына таныстырасыз. Ватсап статус және Инстаграм арқылы туыстарыңыз бен достарыңызға ұсыныңыз. Олардың ішінде міндетті түрде сенбі күні тойға баратындар табылады

Инстаграмды қатар алып жүріп, выездерге шығыңыз. Тойға, выездерге шығу сіз үшін тиімді болады. Себебі, үйге шақырылған визажисттерге қонақтар очередьке тұрады.

Жасаған макияждарыңызды фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісуді ұмытпаңыз. Инстаграм арқылы келетін клиенттер, сіздің жұмысыңызбен алдын ала танысады. Өзі таңдағандықтан, кез келген сумманы төлеуге де дайын. Ал бұл уже екінші жол

Жұмыс тапқанша күніне кемінде 3 салонға қызметіңізді ұсыныңыз. Және 5 күнде салоннан өз орныңызды таба аласыз. Ең бастысы қабілетіңізді дұрыс көрсету: жұмыс жасау жылдамдығыңыз, қолданатын техникаларыңыз, т.б. Сондықтан макияж жасауды мықты маманнан үйрену өте маңызды!

Кез келген сәтсіздік үлкен жетістіктің бастауы екенін ұмытпаңыз. Мен сізге сенемін, сұлуым!

Пост пайдалы болса « » қалдырыңыз