Get Mystery Box with random crypto!

ХОЧУ-МОГУ АЙДАРЫ ЛАЙК БАСЫП САҚТАП АЛЫҢЫЗ! Бұл жолы сізд | Lena Visage | Макияж • Косметика • Бет күтімі

ХОЧУ-МОГУ АЙДАРЫ

ЛАЙК БАСЫП САҚТАП АЛЫҢЫЗ!

Бұл жолы сіздерге көзге арналған палеткалардың бағасымен, артықшылықтарымен таныстырамын

Tarteist PRO және Soft Nude тенилары

Tastiest PRO палеткасы-бұл Тарттың 20 ультра пигментті реңктерінің сәнді палитрасы. Палитрада күңгірт 16 реңк және 4 металлды жылтыр өңдерден тұрады. Жағымды иісі де бар
24.300тг

Soft Nude палеткасы-бежевый және қоңыр реңктердегі 14 сәнді реңктерді ұсынады, олар күнделікті макияжға өте ыңғайлы әрі қолжетімді
4.500тг

Make Up Atelier және Boss Babe тенилары

Make Up Atelier-5 түрлі түсті көз бояуларының
палитрасы ең ТОП Барлық макияжға жарайтын мықты оттеноктардан құралған палетка.
15.000тг

Boss Babe палитрасында күңгірт және жылтыр ашық және қою түстермен толықтырылған, бұл оны көп функциялы етеді. Егер қолжетімді бағада Atelier-ге ұқсайтын палетка іздесеңіз осыны алыңыз деймін
5.000тг

Huda Beauty және Beauty Creations теньдары

Huda Beauty- көз бояулары әртүрлі. Әр палеткасы түстерімен ерекшеленеді, жиі қолданылатыны осы күлгін түстерге толы палеткасы
32.000тг

Beauty Creations-көз бояуларының текстурасы тамаша пигментацияға ие, барлық реңктер бір -бірімен үйлеседі, ал темныйлау, жылтыр бояу сізге күндізгі және кешкі көріністі жасауға мүмкіндік береді
6.000тг

Anastasia Beverly Hills және Makeup Revolution теньдері

Anastasia Beverly Hills көз бояуы палитрасында 14 бай реңктер бар -ашық түстен бастап, темный оттенокқа дейін қамтамасыз етілген, түрлі макияждар кезінде қолдануға болады
21.000тг

Makeup Revolution палитрасы жұмсақ, қолжетімді әрі көпшіліктің сұранысына ие болып үлгерді. Тек бағамымен ғана емес, тегіс жағылуымен, реңімен ұнады
4.500тг

Дәл осылай косметикаларды ажыратып,ВИЗАЖИСТ болғыңыз келсе, “ ” қалдырып кетіңіздер

Айдардың келесі санында қандай косметика түрін талдағанымды қалайсыз?