Get Mystery Box with random crypto!

Мотивациялық Пост Бүгін мың ойланып-толғанып осы тақырыпта | Lena Visage | Макияж • Косметика • Бет күтімі

Мотивациялық Пост

Бүгін мың ойланып-толғанып осы тақырыпта Пост жазғым келді. Оған себеп - Дубай. Әлемдегі ең алдыңғы қатарда тұратын, көп туристердің әсіресе, бизнеспен алналысатын адамдардың жиі келетін орны - осы Дубай.
Қарап тұрсаң, құм қаладан 30 жылда жарқыраған, қымбат қала тұрғызу - оңай нәрсе емес
Меніңше,дәл қазіргідей жағдайға жету үшін басты керек болғаны - Ол Мақсатқа жетелеген Табандылық.
Дәл солай, бізде, сіз де, мен де кез-келген биік арманымызға табанды түрде тырысып, әрекет етсек Тау қопаратын күшіміз бар ғой Білдей бір қаланы салмасақ та, дұрыс жолымызды таңдап, жақсы салада жұмыс істесек сондай қаланың жүзін аралайтын едік

- Бізге жетіспейтіні не?
- Сенімділік. Мақсат. Әрекет. Біз тіпті бір зат таңдасақ та,біреудің пікіріне жүгініп тұрамыз. Себебі, өз ойымызды айтуға, қалағанымызды жасауға қорқамыз. Мәселен, мен ата-анамнан ақша сұрап немесе қарыз алып әлдеқашан келуіме болатын еді. Бірақ, ұзақ уақыт бойы тірнектеп жинап келген, өз маңдай теріммен тапқан ақшаммен келіп, қалағанымды алып, қалаған жеріме бару үшін Сүйікті жұмысымды істедім

Егер осы жасыма дейін естіген «-Бұл саланы таста!»,«Не көп Визажист көп!»,«Саған тамақ бола ма біреуді бояған!»- деген сөздерді тыңдаған болсам, бүгінгі еркін әрі бақытты күніме жетпес едім

Сіздерге берер кеңесім, іштегі сенім мен мақсат болса, барлық қалаған арманыңызға қол жеткізе аласыз

Сұлуларым, Дубайда демалу сіздерге де жұғысты болсын
Ал, сіздің арманыңызға жетуге не кедергі?