Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті оқырмандар, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жоғары оқ | Leetcode KZ

Құрметті оқырмандар, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жоғары оқу орындары ұйымдастыратын спорттық бағдарламалау жарыстары туралы айтқымыз келеді

Сіз AITU Open, SDU Open, KBTU Open, IITU Open немесе NU Open командалық олимпиадалары туралы естіген шығарсыз?

Олардың мақсаты Қазақстанда олимпиадалық бағдарламалауды дамыту және оқушылар мен студенттердің IT саласына қызығушылығын ынталандыру, сондай-ақ алгоритмдерді, деректер құрылымын және математиканы зерделеу болып табылады.

Жарыс ICPC форматында өткізіледі, қатысуға үш адамға дейінгі командалар жіберіледі. Жеңімпаз атағына таласуға жас мамандар, студенттер, оқушылар және алгоритмдер мен бағдарламалаудың әуесқойлары шақырылады

Бүгінгі таңда Open олимпиадаларын Huawei және Khan Group (zapis.kz, Umag) сияқты ірі IT компанияларының демеушілері қолдайды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі

Келесі олимпиадалар осы жексенбіде (28 мамыр) AITU-да және 4 маусымда IITU-да жоспарланып отыр. Биылғы жылы олимпиадалар 23 сәуірде SDU-да және 14 мамырда KBTU-да сәтті өткен болатын, ал NU Open 2022 жылдың 12 қарашасында өтті.

Ал Сіз бұған дейін бұл жарыстарда қатысып көрдіңіз бе немесе жоспарлап отырсыз ба?