Get Mystery Box with random crypto!

Барлықтарыңызға сәлем! Жалпы көптеп контесттерге қатысып, тұр | Leetcode KZ

Барлықтарыңызға сәлем!

Жалпы көптеп контесттерге қатысып, тұрақты түрде есеп шығаруға дағдылану үшін сіздер үшін арнайы екі түрлі конкурс жариялаймыз!

1-конкурс түрі:
Мүмкіндігінше Қазан айындағы күнделікті Үздік IT Білім контесттеріне қатысып, мүмкіндігінше көп есеп шығарып қана қоймай, арасында ресми codeforces контесттерге де қатысып есептер шығару. Конкурс нәтижесі 50:50 пайыздық қатынаспен есептейтін болады. Яғни ресми және күнделікті контесттердің жалпы саны, және шығарған есептерімен есептеледі.

2-конкурс түрі:
Қазақша контентті көтеру мақсатында күнделікті контест есептеріне қазақша талқылау/разборларын өз ютуб арнасына іліп отыру.
Мейлі ол 1-ғана есеп болсын оны да ескереміз. Өз ютуб каналдарыңызды көтеруге тамаша мүмкіндік, себебі біз ол бөліскен разборларды осы арнада көпшілікпен бөлісетін боламыз.

Нәтижесін 1-қарашада хабарлап, өз сыйлығымызды да беретін боламыз.

PS. Сұрақтарыңыз болса осы постта коммент қалдырсаңыз болады.