Get Mystery Box with random crypto!

Сәлем Бүгін біз IT-мамандықта оқып жаткан студенттерге қажет | Leetcode KZ

Сәлем

Бүгін біз IT-мамандықта оқып жаткан студенттерге қажет болатын кеңестермен бөліскіміз келеді

Computer Science, Algorithms and Data Structure пәндері бойынша жақсы база алып алыңыздар;
1 курстан бастап тағылымдамадан өтетін жерді (стажировка) іздеңіздер;
Егер де әлемнің топ компанияларында жұмыс істегіңіз келсе, біздің алдыңғы постымызды қараңыздар.
Жалпы, Қазақстан компанияларының кейбірулерінде ғана алгоритм шешуге бағытталған интервьюлер бар;
Хакатондар, идеятондарға қатысыңыздар, ол тек ақшалай ұтыс қана емес, бұл қысқа уақытта командалық жұмысты арттыру және MVP жасаудағы үлкен практика болмақ.
Пет-жобалар жасап, оларды Github.com орналастырыңыздар (Проектыларға сілтемелерді CV-ға орналастырыңыздар ).
Хэдхантер, өзіңіз таңдаған технология бойынша телеграм чаттарында, линкединде тағылымдамалар іздеңіз.
Ағылшын тілін дамытыңыздар, кемінде B2,C1 деңгейінде болса жақсы.
ТОП компанияларға жұмысқа тұрудың тағы бір жолы бакалавр немесе магистратураны шет елде оқу, егер де вуз беделді болса компаниялар сол вуздардан өздеріне қызметкерлерді алады.
Шетелде магистратураға түсудің үлкен “+”тарының бірі, ол - волонтерлік жұмыс, университеттегі IT клубқа кіріңіз, ивенттар жасаңыз, қатысыңыз.

Ал сіз қандай университетте оқисыз? Универден тыс қалай дайындаласыз?

#education
#career