Get Mystery Box with random crypto!

Анонс! Алгоритм және деректер құрылымынан білімін арттырғ | Leetcode KZ

Анонс!

Алгоритм және деректер құрылымынан білімін арттырғысы келетіндерге, сол бағытта дамитын орта іздегендерге арналады.

Жексенбі (29/05/2022) алғашқы танымдық, оқу-жаттығу кездесуі болады. Кездесуде асимптотик (Big O), array, хешиң, two pointers және sliding window паттерндарын үйренеміз.

Қысқасы:
⁃ Тегін!
⁃ neetcode.com-дағы 150 есептік тізімнен есеп шығарамыз. Басқа жерден де есеп қарастырсақ болады.
⁃ Тақырыптарды білгенімен бөлісгісі келетіндер түсіндіреді. Ескерту: біздің көбіміз кәсіби мұғалім емес, ал жалпы бұның бәрін жақсы ниетпен өз еркімізбен өткізбекпіз.
⁃ Тапсырмаларды өзіміз шығарамыз. Тапсырмаларды орындау барысын өзіңіз қадағалайсыз. Ешкім сіздің артыңыздан жүгірмейді.
⁃ Тапсырмаларды талқылау, талдау кездесу кезінде болады.

Негізгі мақсатымыз, бірге дамып, әр қатысушының теориялық білімін арттыру, үздіксіз есеп шығаруға дағдылау. Солай алдымен өзімізге, сонымен қатар қалғандарына да көмектесеміз. Есеп шығаруды әдетке айналдырсақ бір бірімізге үлкен көмек жасаймыз.

Көмектескіңіз келсе, мархабат! Қалай, немен көмектесе алатыныңызды жекеге жазыңыз. Мысалы, тақырып түсіндіру, жақсы жоспар ұсыну деген сияқты.

Осындай мүмкіндікті іздеп жүрген достарыңыз болса, бөлісіп қойыңыздар!

Сағат: 12:30.
Күні: 29/05, жексенбі.
Тақырып: Асимптота, array, two pointers, sliding window.
Орын: Онлайн, telegram.

Ұйымдастырушылар:
Дәурен - @dCluren
Шерхан - @bertailak
Санжар - @SanzhS
Талқылау чаты: @leetcodekz


t.me/it_bilimkz